-->

КЕПТЕЛІСТЕ ҚАЛМАЙТЫН АЛАБӨТЕН АВТОБУС

Бейжіңде өткен «High-Tech Expo» халықаралық көрмесінде қытайлық инженерлер кептелісте тұрмайтын «TEB» (Transit Elevated Bus) атты айрықша автобустың жобасын таныстырды. Бұл автобустар жолға шығатын болса, жеңіл көліктердің қозғалысына кедергі келтірместен, үстімен жүреді.

Аспалы көпірге ұқсайтын автобус жол жиегіне бекітілген арнаулы рельстермен қозғалатын болады. Мұнымен бұл болашақ көлігінің негізгі бөлігі жол үстімен жанаспай жүреді. Ал олардың ортасынан жеңіл көліктер еркін өте береді.

Жобаның бас инженері Баи Цуминь «TEB» қызмет көрсетуі жағынан метроға ұқсас болғанымен, бағасы олардан біршама арзан болатынын айтады.

Автобустың ені – 8 метр, биіктігі – 4,6 метр, ал ұзындығы 32 метр болмақ. Бұл автобустардың астында жолдың екі жолағы түгел қамтылмақ.

Бұл жобаны ағымдағы жылдың екінші жартысында Хэбэй провинциясындағы Циньхуандао қаласында іске қосу жоспарлапты.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*