«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Кемеңгер Кекілбайұлы ескерткіші асқақтады

0 29

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әбіш Кекілбайұлы ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты.

Мемлекет басшысы Ақтау қаласына жұмыс сапармен барып, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайдың 80 жылдық мерейтойы аясында орнатылған ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев қаламгердің мүсінін салтанатты түрде ашып берді.
Тау тұлғалы талант, ғұлама ойшыл Әбіш Кекілбайұлының ерен еңбегі қандай құрметке де ла­йық екенін айтқан Қасым-Жомарт То­қаев заңғар жазушы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің рухына тағзым ету тек Маңғыстау өңірінің ғана емес, бүкіл еліміз үшін маңызды оқиға деп бағалады.
– Біз бүгін рухын ұлықтап отыр­ған Әбіш Кекілбайұлы – адамзаттық болмыстың жоғары деңгейіне көтерілген біртуар тұлға, қазақ халқының ұлы перзенті. Халқымыздың мақтанышына айналған азаматтардың есімін жадымыздан шығармау – баршамыздың парызымыз. Елбасының «Шіркін-ай, осындай қазақтар көбірек болса екен» деп Әбіш ағаға ризашылық білдіруі тегін емес. Зиялы қауым оған айрықша құрмет көрсетіп, «Қазақтың таңдайы» деп атады, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған тұңғыш қаламгердің әдебиет әлеміне келгеннен бастап ұлттық сананы сақтау үшін мол үлес қосқанына, ана тілімізді, салт-дәстүрімізді және төл мәдениетімізді дәріптеп, халқына адал қызмет еткеніне тоқталды. Ұлттық болмыс пен ұлттық рух Ке­кілбайұлы шығармашылығының діңгегіне айналғанын айтты.
Қазақстан Президенті сөз соңында Әбіш Кекілбайұлының «Ұрпағына ие бола алмаған жұрт ұлттықтан айырылады» деген сөзі әрдайым есімізде тұратынын айтып, жазушының мол мұрасы, өнегелі тағылымы осы мақсатқа қызмет ете беретініне сенім білдірді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды