«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Кедергілер қолбайлау болмайды

0 22

Бұл үй 2015 жылы проблемалы деп жарияланған, мұнда 537 үлес­кер тіркелген. «Мемсараптама» РМК-ның жұмыс жобасы бойынша оң қорытындысы бар. Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы сырт­қы инженерлік желілерді салуға конкурс өткізді, алайда қазіргі уақытта желілердің құрылысы басталған жоқ. «Инженерлік желі тендерін ұтып алған компания желіні өткізуі керек. Үй салу жобасын жеңіп алған адамдар үйді салуы керек. Әркім өз ісімен айналысуы керек. Бәрі бар сияқты, бірақ жұмыс алға баспай жатыр. Егер олар бізге қол ұшын берсе, біз де көмектесуге дайынбыз. Қазан айында су қатып қалады, сонда құрылысшы не істейді?» дейді үлескерлер. Сонымен қатар, үлескерлер жұмыс қарқынына наразы. «Құжаттарды рәсімдеу процесі қыста бәрі орнында болған кезде басталуы керек. Ал жазда үнемі біреу еңбек демалысында болады. Жазда құрылыс маусымы қызып жатқан кезде жұмыс тоқтатылып қалмасы үшін мамандар еңбек демалысына қыста шықсын. Қазір мұнда екі жұмысшы құдықты тазалап, бір-екі күн айналасында жүре тұрды, болды, бұл кешен аумағында ешкім жоқ» дейді тұрғындар.
Қала әкімдігі үлескерлік құрылысы бар нысандарды тексеру процесін тікелей басқаратын болады. «Мен күн сайын екі мезгіл проблемалы нысандарды аралап, үлескерлермен кездесемін. Қандай мәселелерді шешу керек екенін және құрылыстың неге қымбат екенін білемін. Құрылыс салушы өзіне міндеттемені алғаннан кейін, оны орындауы керек. Біз барлық кедергілерді еңсереміз, бірге жұмыс істейміз. Шешімі де жоқ емес. Ең бас­тысы, құрылыс маусымы кезіндегі уақытты босқа өткізбей, тиімді пайдалану қажет» деді А.Көлгінов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды