Вторник, 25 Июль 2017
-->

«KAZAXИ» КТК ЖАЗҒЫ КУБОГЫН ИЕЛЕНДІ

Астанада ТМД аймағынан келген бес команда тұңғыш мәрте «КТК – 2017» жазғы кубогын сарапқа салды. «Азия MIX», Камызяк өңірінің құрамасы, «Пятигорск қаласы» және «Каzахи» командаларының тартысты ойынын Астана әкімі Әсет Исекешев тамашалады. Тізгін «КТК» (КВН) ойындарын жарты ғасырдан астам уақыт тұрақты жүргізіп келе жатқан атақты Александр Масляковта болды.

Қорытындысында «Пятигорск қаласы» – 10,2 балл, «Азия MIX» – 11,1 балл, «Камызяк өңірінің құрамасы» 11, 8 балл жинады. Ал 12 балл алған «Каzахи» командасы топ жарып, жазғы кубокты иеленді. Он бес жылдан бері көңілділер және тапқырлар клубының ойындарына қатысатын қазақстандық команда алғаш рет жүлдеге қол жеткізіп отыр.

Қазылар алқасының құрамына кірген Ресейдің және Қазақстанның шоу бизнес өкілдері ойыннан кейін өз әсерлерімен бөлісті. Атап айтсақ, Сергей Светлаков пен Валдис Пельш кеш аты мен затына сай өте көңілді болғанын жеткізді. «КТК» ойынына тұңғыш рет қазылық еткен Байғали Серкебаев командалардың бәріне де көңілі толғанын айтты. Михаил Галустян әдеттегідей әр командаға жеке сипаттама бере келіп, «Каzахи» командасы  «бір бас жоғары» болғанын атап өтті. Екатерина Стриженова Астананың ажарына тамсанғанын, бас қаламыздың ауасы да ерекше әсер еткенін, халқымыздың қонақжайлығын әңгімеледі.

Юлий Гусман қазақ пен әзербайжан халқы арасындағы ұқсас­тықтарға тоқталды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*