«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

ҚазАту: Картоп бағасы – 35 теңге

0 252

 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті  өз оқытушылары мен студенттерін картоппен қамтамасыз етуде.

Ғалымдар өсірген мол өнімді жаңа сұрып, университеттің барлық оқытушылары мен қызметкерлеріне ең төмен бағамен сатыла бастады. Бір келісі небәрі – 35 теңге. Сонымен қатар әлееметтік жағдайы аз қамтылған студенттерге тегін үлестірілмек.

Айта кеткен жөн, 2015 жылдан бері жаңа технология негізінде құрылған университеттің ғылыми-тәжірибелік кампусы Ақмола облысында жұмыс істейді. Соңғы үш жылдың ішінде 1150 гектардан картоптың, бидайдың және тағы басқа дәнді-дақылдың жаңа түрін алды.

Ал биыл жиналған жаңа сұрыпты картопты өз оқытушылары мен студенттеріне арзан бағамен  беруді жөн көрді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды