«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Кәусардағы» кездесу

0 37

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің кезекті қонағы кино және театр режиссері, Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов болды.

Режиссер студенттермен адам мен заман жайлы, өнер туралы, оның қоғамда алатын орны, жастар тәрбиесі жайында сыр бөлісіп, өз көзқарасын білдірді.
Бала Талғат журналист, жазушы, философ болуды армандаған. Ақыры өлең, әңгіме, повесть жазып, өнерге әдебиет арқылы келген. Оның шығармашылығында да әдебиеттің алатын орны үлкен. Мәселен, Шыңғыс Айтматовтың бірнеше туындысын сахнаға лайықтап, спектакль қойғанынан жұрт хабардар. Адамзаттың Айтматовы атанған әлемге әйгілі қаламгермен Әбіш Кекілбайұлы таныстырып, кейін екеуі аға-інідей араласқан.
Режиссердің әлеуметтік желілердің, интернеттің пайдасы мен зияны туралы өз пайымы бар. «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбай ұйымдастырған кездесуде жастар режиссерге көптеген сұрақтарды қойды. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, академик Дихан Қамзабекұлы қорытындылады. Талғат Теменов­тің қазақ өнеріне сіңіріп келе жатқан еңбегіне айрықша тоқталып, оған сый-сыяпат көрсетті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды