«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Каталонияда қара үзді

0 16

«Астана» велокомандасының шабандозы Мигель Анхель Лопес «Каталония вуэльтасы» көпкүндік жарысының қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды.

Бұл – «Астана» командасының осы маусымдағы 21-інші жеңісі.
Әлем турының жетінші кезеңі Барселонада өтті. Бұл кезеңді Лопес 13-інші болып аяқтады. Бірақ жалпы есепте көш басындағы орнын сақтап қалды. Ол бұған дейін төртінші кезеңде 105,3 км қашықтықты бірінші болып бағындырып, көш басына шыққан болатын. Қалған кезеңдерде осы орнын сақтап қала алды.
Жалпы есепте Лопестен кейін екінші орынға Mitchelton-Scott командасынан Адам Йейтс тұрақтаса, үштікті Sky командасынан Эган Берналь түйіндеді.
– Мен осы жеңіске қол жеткізгеніме өте қуаныштымын. Біз командамен бірге бұл жарысты маусымның ең маңызды мақсатының бірі деп санадық, бүгін сол межеге жеттік. Жарыс өте тартысты болды, апта бойы команда тарапынан зор қолдауды сезіндім. Ла Молина төбесіндегі жеңістен кейін мен осы жарысты жеңіспен қорытындылай алатынымызға сендім. Бұл – біздің ортақ жеңісіміз, – деді Мигель Анхель Лопес командасына алғысын жаудырып.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды