Четверг, 21 Сентябрь 2017
-->

КӘСІПТІК БІЛІМ – ӨРКЕНДЕУ ӨЗЕГІ

Елбасымыздың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты  ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауына сәйкес биылдан бастап елімізде кәсіптік-техникалық мамандықтарды тегін оқыту жүйесі іске қосылды. «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» бағдарламасы бойынша техникалық мамандықтарға бөлінетін оқу гранттарының саны барынша артты. Осы бағытта Астана қаласы әкімдігінің жүзеге асыра бастаған «20 нақты бастама» бағдарламасы аясында да жүйелі шаралар іске асырылып оты

Оқу – тегін,  жұмыс – дайын
Шындығы сол, еліміздің еңбек нарығында құрылысшылар, электриктер, дәнекерлеушілер, автомеханик­тер, сантехниктер мен слесарьлар, токарь-фрезировщиктер сынды қажетті мамандық иелері тапшы. Бағдарлама осы мәселені оңтайлы шешуге жол ашуда. Бағдарлама  талаптарына сәйкес аталған жүйе бойынша білім алғандардың барлығы жұмыспен қамтылады.
Ел экономикасының негізгі тірегі болып саналатын өндіріс саласының өркендеуі жыл өткен сайын жұмысшы мамандықтарына зәрулікті айқын сездіруде. Нәтижесінде, кәсіптік-техникалық білімі бар мамандарға деген сұраныс артып отыр. Осыған байланысты қолға алынған бағдарлама аясында жұмысшы мамандықтарын меңгеруге бел буған жастар мемлекеттік колледждермен бірге, жекеменшік арнайы орта оқу орындарында да тегін білім ала алады.

3232

Елордамызда жоспарды жүзеге асыруға қабілетті 12 мемлекеттік және 22 жекеменшік колледж бар. Бүгінде колледждерде 26 262 адам білім алады, соның ішінде 11 916 адам мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды.
Мемлекеттік білім беру тапсырысымен сервис, техникалық және технологиялық мамандықтар бойынша күндізгі бөлімге 4425 адам қабылданады деп жоспарланған. Соның ішінде 3375 адам жергілікті бюджет есебінен, 1050 адам республикалық трансферттер есебінен мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз етіледі.

Дуальді оқыту –  сапалы маман даярлау
Қазіргі таңда мамандарды даярлау­да дуальді оқыту жүйесі маңызды орын алады. Бұл – әлем бойынша кәсіптік-техникалық кадрларды даяр­лаудың тиімді үлгісі. Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында техникалық, технологиялық және ауылшаруашылық мамандықтар бойынша дуальді оқытуды енгізетін колледждердің көрсеткіші 2019 жылы 80 пайызға дейін көтеру қарастырылып отыр.

321

Дуальді оқыту жүйесі құрылыс, теміржол, сервис және қызмет көрсету, коммуналдық шаруашылық, энергиямен қамтамасыз ету мамандықтары бойынша жүреді. Кәсіп­орындармен бірлесе 18 колледжде эксперименттік оқу жоспары құрастырылды.

Былтыр осы дуальді оқыту бо­йынша алғашқы 172 түлек «Радио­электроника және байланыс», «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Токарлық іс және металл өңдеу», «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар», «Телекоммуникациялық құралдар мен тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша тәмамдап, олар 100 пайызға жұмысқа орналасты. Ақы төленетін өндірістік тәжірибе – жастардың қызығушылығын арттыратын бағыттардың бірі. 2015-2016 оқу жылында колледждердің 53 студенті ақысы төленетін өндірістік тәжірибеден өтті. Жалақының орташа құны 50 мың теңгеден 90 мың теңге аралығында болған. Бұған қоса, 29 студент жұмыс берушілер есебінен білім алды.

Гүлжан РАХМАН

Print Friendly, PDF & Email
www.pdf24.org    Отправить статью как PDF   

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*