«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕДЕРГІ АЗАЯДЫ

0 66

bd1b31696f9d8945dcc7920f22c3913f

Өткен сенбі күні Елбасының тапсырмасын орындау барысындағы шаралар туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің директоры Бауыржан Бекешов пен Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрайымы Ғалия Жолдыбаева мәлімдеме жасады.

Брифингте Ғалия Жолдыбаева ке­йінгі жылдардағы жеке кәсіпкерлік субъек­тілеріне жүргізілген тексеру жұ­мыстарының қорытындысы туралы әңгіме қозғады. Оның айтуынша, 2013 жылы мемлекеттік органдар 182 126 тексеру жүргізген екен. Ол 2012 жылмен салыстырғанда 25 пайызға аз.

2013 жылдың қорытындысы бойын­ша әкімшілік жазалаудың жалпы са­нындағы айыппұл үлесі 98 пайыз­ды құраған, ал бұл мемлекеттік орган­дардың ескертуді әкімшілік жазалау шаралары ретінде қолдануды қала­майтынын білдіреді. Айыппұлдың сомасы 13,8 млрд теңгені құрады және оның негізгі үлесі жоспардан тыс тексерулер барысында салынған.

Ал Бауыржан Бекешов бизнесті дамытуда атқарылып жатқан шаралар туралы айтты. Ол: «Министрлік жақында Парламентке «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заң жо­басын ұсынады және сол Заң кәсіп­керлерге ауыртпалық түсіретін негізсіз рұқсаттарға тосқауыл қоятын болады» деді. Заң қабылданар болса, кез келген мемлекеттік орган өз беттерінше жаңа рұқсаттар енгізе алмайды. Сонымен қатар, 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елімізде кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері жөнінде Заң жобасы әзір­ленетін болады.

Рұқсат беруді автоматтандыруға қатысты 2012 жылы лицензиялардың барлық түрін ұсыну электронды фор­матқа ауыстырылғаны және 80 рұқсат беру  құжатының автомат­тан­дырыл­ғаны белгілі. 2013 жылы тағы да 214  рұқсат беру рәсімі сондай фор­матқа көшкен-ді. Жалпы, барлық құ­жаттарды электронды жүйеге алмас­тыру 2015 жылы аяқталатын болады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды