-->

Кәрімов көшесі болады

FILE - In this Monday, April 15, 2013 file photo, Uzbek President Islam Karimov leaves a wreath laying ceremony at the Tomb of Unknown Soldier in Moscow, Russia. A national newsreader has delivered a televised Independence Day speech on behalf of ailing President Islam Karimov, who remains hospitalized in the Uzbek capital, Tashkent, with a suspected brain hemorrhage. (AP Photo/Alexander Zemlianichenko, file)

Астанада Өзбекстан Республи­ка­сының тұңғыш президенті Ислам Кәрі­мовтің құрметіне көше аты беріледі.

Осы жөніндегі Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қыш­қашбаев ұсынған шешімді Астана қаласы Қоғам­дық кеңесінің мү­ше­лері бір­ауыздан қолдады.
Бұдан басқа, Сансызбай Есіловтің төрағалымен өткен Кеңес отырысында бірнеше нормативтік құқықтық актілердің жобалары талқыланды. Кеңес мүшелері Астана
қаласының көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы орташа және күрделі жөн­деу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жік­те­лімін бекіту туралы ере­жемен танысты. Ол туралы баяндама жасаған Автомобиль жолдары бас­­қармасының басшысы Асхат Қарағойшин тал­қы­ға салынып отыр­ған жіктелімнің жол-жөндеу жұмыстарын жос­пар­лау­ға, жолдардың ішінара құ­ры­лысына, жол-жөндеу жұмыстары көлем­дері­нің негіздемесіне және олардың орындалуына жергілікті және респуб­ликалық бюджеттен бөлі­нетін қаржыландыру мөлшеріне қатысты мәсе­ле­лерді шешуге негіз болатынын айтты. Кеңес мүшелері құжаттың маңыз­дылығын ескере оты­рып, тәуелсіз сараптаудан өткізуге ке­ңес беріп, құ­жатты кері қайтарды.
Елорданың денсаулық сақтау саласындағы мем­­лекеттік коммунал­дық қазыналық кәсіпорын­да­рындағы қызметтердің 2017 жылға арналған ба­ға­ларын белгілеу жө­нінде Денсаулық сақ­тау басқар­масының басшысы мін­детін атқарушы Ильяс Бакиров баяндама жасады. Ол жұқпалы ауруларды емдейтін меке­­мелердегі ақылы қыз­мет­тің бағасын 4-10 пайыз аралығында көтеруді негіз­дегеннен кейін, Ке­ңес отырысында бұл қа­жет­­тілікті қолдау керек деген тоқтамға келді.

Айгүл УАЙСОВА

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*