«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Кадрлық өзгерістер

0 45

Кеше әкімдіктегі аппараттық жиналыс­та қала басшысы Әсет Исекешев кадрлық өзгерістер туралы баяндады, деп хабарлады елорда әкімінің баспасөз қызметі.

Президент Әкімшілігіне мемлекеттік инспектор болып тағайындалуына орай Есіл ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қызметінен босатылды.
Сонымен қатар, «109 кезекшілік қызметі» мемлекеттік мекемесінің жетекшісі Мұрат Аманчиев өз өтініші бойынша қызметінен босатылды. Аталған мекеменің атауы «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» МҚК болып өзгертіліп, оның директоры қызметіне Жаннат Дүбірова тағайындалды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды