Четверг, 17 Август 2017
-->

ІСКЕРЛІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТАДЫ

Астана әкімі Әсет Исекешев Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ахмад Иннаб мырзамен кездесті, деп хабарлады astana.gov.kz

325

Кездесу барысында тараптар Астана мен Иордания арасында сауда-экономикалық және гуманитарлық ықпалдастықтың бірізді дамуының маңызды­лығын атап көрсетті.
«Біз Астана мен Иордания іскер топтарының арасындағы байланыстарды кеңейтуге және тереңдетуге мүдделіміз және өзара тиімді инвестициялық жобаларды іске асыруда қолдау көрсетуге дайынбыз» деп мәлім етті елорда әкімі.
Тараптар іскерлік ынтымақ­тастық үшін ең перспективалық салалар ретінде ауылшаруа­шылық өнімдерінің өзара жет­кізілімдерін, фармацевтика және туризм салаларын атады.
Өз кезегінде, Ахмад Иннаб мырза Иорданияның ЭКСПО-2017 халықаралық маман­дандырылған көрмесіне қаты­суға дайын екенін жеткізді.
«Біз бөлінген павильонмен таныстық, өте ұнады. Жақында ресми құжатқа қол қойылады, содан соң Иордания павильонын толтырумен айналысатын топ келеді» деді елші.
Осы орайда тараптар ЭКСПО-2017 шеңберінде бірлескен ресми және мәдени шараларды өткізу және Астана мен Амман бауырлас қалалардың аймақаралық ынтымақтастығын дамыту мәсе­лелерін талқылады.

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*