«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Іскер серіктестер іздейді

0 30

 Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Бельгияның ресми делегациясымен кездесті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары, бельгиялық және астаналық бизнестің өзара іс-қимыл мүмкіндіктері талқыланған кездесу барысында елорда басшысы Нұр-Сұлтан қаласын дамытудың басты бағыттары туралы әңгімеледі. «Бүгін біз қаланың стратегиялық даму кезеңінде тұрмыз. Негізгі бағыттар инвестицияларды тартуға, «Астана» халықаралық қаржы орталығын, бизнес-туризмді, сандық технологияларды, IT-стартаптарды дамытуға бағытталады» деді қала әкімі. Сондай-ақ Қазақстан астанасының бельгиялық бизнеспен өзара тиімді ынтымақтастыққа дайындығын білдірді. Бельгия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексис де Кромбрюг­хе де Пикендаль делегация құрамында қазақстандық бизнеспен байланыс орнатуға қызығушылық танытып отырған 20-дан аса бельгиялық компания бар екенін атап өтті. Өз кезегінде экспорт және инвестициялар жөніндегі Валлон агенттігінің (AWEX) және WBI агенттігінің бас директоры Паскаль Делькомминет делегация құрамындағы компаниялар Қазақстан үшін үлкен қызығушылық тудыруы мүмкін салаларда жұмыс істейтінін жеткізді. «Олардың арасында денсаулық сақтау, инфрақұрылым, энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік жабдықтар, ағын суларды қайта өңдеу салалары бар. Миссия экспортты болып есептеледі. Бельгиялық компаниялар Қазақстандағы іскер серіктестерді іздеуге қызығып отыр» деді ол. Кездесу барысында Бельгия Корольдігінің консулы Деннис Ван ден Вейк елордаға құрметті консулдардың халықаралық конференциясын өткізу жоспарланып отырғанын айтты. «Бізде олардың алдында Қазақстанның инвестициялық әлеуетін ашу мүмкіндігі болады. Іс-шара бағдарламасы аясында қонақтар «Астана» халықаралық қаржы орталығына барады. Сонымен қатар Дүниежүзілік құрметті консулдар бірлестігінің президенті өзінің қатысуын растады. Форумға қатысушылардың туристік бағдарламалары болғанын қалаймын, олар алыстан ұшып келеді, бірнеше күн елордада болады» деп атап өткен Денис Ван ден Вейк қала билігі тарапынан конференцияға қолдау көрсетуге үміт білдірді. Өз кезегінде елорда әкімі қолдау білдіруге дайын екендігін айтып, бизнесті құру мен дамытудың және қалаға үздік технологияларды тартудың маңыздылығын атап өтті. «Біздің қаланың бір ерекшелігі – климаттық жағдайы оңай емес. Сондықтан біз қалалық шешімдерге қатысты жаңа технологияларды дамытуға мұқтажбыз» деп түйіндеді кездесуді қала әкімі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды