«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ironman – темір төзімділер жарысы

0 94

Астанада триатлоннан халықаралық Ironman 70.3 сайысы салтанат құрды. Қазақстан елордасы ТМД елдерінің ішінде осы турнирді өткізген алғашқы қала болды.

Аты айтып тұрғандай, қашықтығы 70,3 мильді немесе 113 километрді құрайтын жарыс үш кезеңнен тұрды. Атап айтсақ, жүзу – 1,9 км, веложарыс – 90 км және жүгіру – 21,1 км.

Белгіленген бұл межені тек тем ірдей төзімді, жігерлі жандар ғана бағындыра алады. Сол мақсатқа жетем деп әлемнің 47 елінен 1300 спортшы осы жарыста бақ сынады. Оның 700-і – өзіміздің отандастар.

Темір арқандай тартылған қашықтықта сынға түскен «терминаторлардың» арасынан Олимпиада чемпионы, Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев, Олимпиада чемпионы, Astana Pro Team бас менеджері Александр Винокуров секілді елге елеулі азаматтар табылды. Триатлонда кәсіпқой спортшылармен қатар, әуесқойлар да әлеуетін байқап көрді. Көш басынан көрінген 50 адам Оңтүстік Африкада өтетін әлем чемпионатына іріктелді. Сонымен, ерлердің арасынан мәре сызығын 58 минут 20 секундта кесіп өткен германиялық Питер Волкович мыңнан бірінші болды. Оның ізін ала ресейлік азаматтар Виктор Алешин мен Сергей Хазов жетті. Ал қыздардың ішінен 4 сағат 28 минут 23 секунд көрсеткішпен Ирландиядан келген Дидра Кейси чемпион атанды. Ресейлік Любовь Полянская күміс жүлдегер болса, польшалық Изабелла Собанска қола жүлдеге қол жеткізді. Жеңімпаздарды Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бастаған алқалы топ марапаттады.

Қазақстандықтардың ішінен Максим Мазур үздік болса, екінші және үшінші орыннан Александр Винокуров пен Серік Сәпиев көрінді. Жасы егде тартқан қатысушылардан Сингапурдың 69 жастағы азаматы Йозеф Онг бірінші болды.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды