«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

IRONMAN 70.3 ASTANA – әлемнің үздік жарысы

0 20

Қазақстанда былтыр тұңғыш рет өткен триатлон бойынша IRONMAN 70.3 ASTANA жарысы «Global athlete satisfaction award» байқауында «Best New Events 2018» марапатына ие болды.

Жыл сайын барлық IRONMAN жарыстарының қорытындылары бойынша Дүниежүзілік триатлон корпорациясы қатысушылар арасында дауыс беру арқылы әлемдегі үш үздік жарысты таңдайды. Бұл байқаудың жеңімпазы қатысушылардан алған сауалнаманың қорытындысы бойынша анықталды.
Әлемде триатлоннан ең танымал жарыс Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған. Онда әуесқой және кәсіпқой қатысушылар жалпы ұзақтығы 113 км немесе 70,3 мильді құрайтын қашықтықты үш кезең бойынша: жүзу (1,9 км), веложарыс (90 км), жүгіру (21,1 км) бағындырды.
2017 жылы Дүниежүзілік триатлон корпорациясы тоғыз үміткер болған елден Қазақстанды таңдап, Қазақ географиялық қоғамына франшизаны табыс етті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды