«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Иран каллиграммасы

0 42

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Ирандағы ислам революциясы жеңісінің 40 жылдығына арналған «Иран каллиграммасы» атты көрме өтті.

Бұл мәні бар шараны Елбасы кітапханасы «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Қазақстандағы Иран Ислам республикасының елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Көрмеге ирандық суретші Саид Хушманештің 40-қа жуық картинасы қойылды. Бұл қылқалам шебері барлық ғұмырын каллиграмма өнеріне арнап келе жатыр. Осы туралы кітап та жазған. Суретшінің жұмыстарында көркемділігі мен мазмұндылығы сәтті үйлесім тапқан. Автор осы көрмеге үш жылдай дайындалыпты.
Шара барысында елімізге алғаш табан тигізіп отырған Саид Хушманештің өзі сөз алып, келушілерге ризашылығын білдірді.
«Мен өзім осы өнермен 27 жылдан бері айналысамын. Осы жылдар ішінде қабілетімді ұштап, техникамды жетілдірдім. Осыдан он жыл бұрынғы туындыларым мен қазіргі жұмыстарым бір-біріне ұқсамайды. Бүгін сіздерге ұсынған топтама да тазхибпен безендірілген әрі ирандық классикалық және дәстүрлі каллиграфияға жатқызылатын «насталик» жазуы қолданылған бірнеше картиналарымды әкелдім» деді ол.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды