«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

iQala қызметтер орталығы ашылды

0 43

5 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев iQala қызметтер орталығының ашылуына қатысып, салтанатты жағдайда оның таспасын кесті.

– Біздің IQala жобамыз бір ғана мақсатты – тұрғындардың мемлекеттік қызмет алудағы процестерін барынша оңайлатуды көздейді. Азаматтар бұдан былай қызметтер мен кеңестер алу, мөр бастыру үшін түрлі муниципалды мекемелерге барып жүрмейді. «Бір терезеге» жүгініп, барлық шаруасын сол арқылы тындыра алады,– деді бірегей Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығының ашылуы кезінде қала әкімі Бақыт Тұрлыханұлы. –IQala – бұл тұрғындар мен қала билігі – атқарушы органдар, қалалық және коммуналдық қызметтер, бизнесті қолдау институттары арасында өзара іс-қимылдың жаңа форматы. IQala алаңы – қаладағы қызметтердің бір жерге шоғырландыратын интеграторы болып табылады.
Қала әкімі Бақыт Сұлтанов пен агенттік басшысы Алик Шпекбаев жаңа орталықтың техникалық мүмкіндіктерімен танысып, мұнда тұрғындардың барлық санаттағы топтарына қызмет көрсетуге қолайлы әрі жайлы екендігіне көз жеткізді.
Аталған шара «Астана – адалдық алаңы» жобасы шеңберінде іске асырылды. Кеңсе «қала билігі – тұрғындар» қарым-қатынасынан туындайтын тұрмыстық жемқорлықты жойып қана қоймай, цифр­ландыру саласында заманауи технологияларды қолдана отырып, қалалықтардың өмірін жақсартуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, «Астана – адалдық алаңы» жобасы 2018 жылы сәулет, қала құрылысы және жер қатынас­тары мәселелері бойынша ұсынылатын қызметтердің бизнес-процес­теріне талдау жасаған болатын.


«Талдау нәтижесі осы салада көрсетілетін қызметтердің қосарланған құжаттар айналымы, тұтынушымен тікелей байланыс жасалуы, көптеген әкімшілік тосқауылдар қойылуы, қызметтердің ұзақ мерзімділігі мен тәртіптердің орындалмауы орын алатындығын және тұрғындар үшін жайсыздықтар туғызатын жағдайлардың кездесетіндігін көрсетті» деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі астаналық департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева.
Департамент басшысы, сондай-ақ өткен жылдың шілде айында бірыңғай орталық құру және онда қызмет көрсету процестеріне қатысатын барлық мекемелерді топтас­тыру туралы бастама көтерілгендігін атап өтті. Мұнда тұрғындар мен ШОБ өкілдеріне мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтерді алу мейлінше оңтайландырылады.
Қызмет орталығы қала әкімдігінің бастамасымен және Мемлекеттік агенттіктің қолдауымен «Астана – адалдық алаңы» жобасының аясында құрылды.
– IQala жұмысының нәтижесінде астаналық мекемелердің қызмет көрсету тиімділігі артады, оның процестері жеңілдетіледі, барлық операциялар ашық әрі айқын жүргізіледі» деп атап өтті бастаманы жүзеге асырушы «Аstana ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Темірлан Нұрғисаев.
Бүгінде мұнда тұрғын үй-коммуналдық қызметтер мен кәсіпкерлікке қолдау көрсету институттарының 15 негізгі кеңес беру қызметі шоғырландырылған. Әкімнің айтуынша, бірегей орталық жыл аяғына дейін 25 компанияны топтастырып, барлығы 130 түрлі қызмет көрсететін болады. Өтініш берушіге мемлекеттік органдар мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің 45 түрі бойынша қызмет алуға қолайлы болу үшін Өтініштер формасы жүйесі әзірленіп іске қосылды. Сонымен қатар, аталған өндірістерді іске қосу үшін операторларды оқыту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дәулет АСАУОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды