«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Инвестицияға – қолайлы орта

0 69

Астанада Қазақстанның Еуразиялық бизнес қауымдастығының аясында ҚР инвестициялық климатын жақсарту мақсатындағы дөңгелек үстел өтті.

Мұнай бағасының құлдырауы се­бебінен әлемдік экономикада қалып­тас­қан жағдай бізге де салқынын тигізді. Соған қарамастан, Қазақстан индус­триа­ландыру саясатын одан әрі жүр­гі­зіп, инвестиция тартуды жалғас­тырып келеді. Бұл саланың бұған дейінгі көр­сеткіші де ел экономикасы қуатының артқандығын және инвестициялық тар­­тымдылығының дәлелі болса керек. Мәселен, соңғы он бір жылда 220 млрд доллар шетелдік тіке­лей инвести­ция экономиканың түрлі салаларына жан бітіріп, жұмысын жандан­дырды. Со­ның ішінде индустриаландыру бағ­дар­ламасының аясында 2005 жылдан бері тікелей тартылған инвести­цияның 77% ел экономикасының ауқымды бөлі­­гін алып жатқан өңдеу саласына құйылған.
Ал қазіргі кезде Астана инвестиция тартудың орталығына айналып отыр. Мысалы, өткен жылы қалаға тартылған инвестиция көлемі 772,7 млрд теңге болып, 2014 жылмен салыстырғанда 17% өскен.
Инвестиция тарту мәселесінде Үкі­­метте тынымсыз жұмыс істеуде. Үкімет басшысы жанынан трансұлттық ком­па­ниялардың қатысумен жасалып жатқан ірі инвестициялық жобалардың жұмысын бақылау үшін арнайы кеңес құрылды.
Сондай-ақ, Сыртқы істер министр­лігімен бірлесе отырып, инвестиция бо­йынша арнайы кеңесшілер жіберілетін 10 ел анықталды. Олар: АҚШ, Ұлы­британия, Италия, Оңтүстік Корея, Иран, Жапония, Германия, Франция, Қытай, Үндістан.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды