«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Инновациялық хакатон

0 23

2-3 шілде күндері «Seedspace Nur-Sultan» қалалық инновациялық орталығы алаңында Seedstars World Tour шеңберіндегі стартап жобалар ұлттық байқауы өтті. Оны Astana Innovations компаниясы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен және Seedstars халықаралық бизнес-инкубаторымен бірлесіп ұйымдастырды.

Хакатон – бағдарламалық қамтуды әзірлеуші әр сала мамандарының бір форум аясында қандайда бір жобаны бірлесіп атқаруын білдіреді. Бұл жолғы шараның форматы – «Инвес­тицияға қалай дайын болу керек» буткэмпі, онда халықаралық менторлардың қатысуымен білім беру сессиялары жүргізіледі.
Байқауға қатысу үшін 40-тан астам қазақстандық стартап тіркелді. Финалға 10 команда шығып, шетелдік және жергілікті сарапшылардың менторлық қолдауына ие болды. Сонымен қатар, олар Орталық және Шығыс Еуропа, Орта Азия елдері арасындағы Seedstars өңірлік саммиті (CEE Summit) байқауының келесі кезеңіне шығу мүмкіндігі үшін тартысқа түсті.
Мұнан басқа, байқау­да жүлделі орын алған командалар Seedspace Nur-Sultan алаңында Investment Readiness Program-ға қосылып, инвесторларға өз идея­ларын көрсетті және менторлар мен кәсіпкерлердің ауқымды желісіне қол жеткізді.
Конкурс жеңімпаздары үш айлық Growth Program бағдарламасына қатысып, Seedstars Global Summit аясында бас жүлде 500 000 АҚШ доллары үшін тартысуға мүмкіндік алады.
Айта кетейік, Seedspace Nur-Sultan ТМД аумағындағы алғашқы халықаралық инновациялық алаң болып табылады. Мұнда белсенді кәсіпкерлер, фрилансерлер және цифр­ландыру мамандары технологиялар мен инновациялар арқылы қоғамның өмір сүру деңгейін көтеретін жобалармен жұмыс істейді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды