«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Инновациялық алаң ашылды

0 17

Нұр-Сұлтан қаласында жаңа инновациялық орталық ашылды. Инновациялық-технологиялық хаб алаңы ТМД аумағында алғаш құрылып отыр.

«Seedspace Nur-Sultan» орталығы кәсіпкерлер, стартапшылар мен фрилансерлер өзара тәжірибе алмасып, жобаларды талқылайтын кеңістік құру мақсатында ашылып отыр. Ұйымдас­тырушылардың айтуынша, жаңа алаң жаңа инновациялық идеялар мен шешімдердің қайнаған орталығына айналмақ. Бұдан бөлек, онда менторлардың, кеңесшілер мен техникалық мамандардың ауқымды желісі жұмыс істейді.
– ТМД аумағындағы алғаш «Seedspace Nur-Sultan» атты халық­аралық инновациялық алаң ашылып отыр. Бүгінде біздің елорда еліміздің ең жас және мегаполис қаласы болып саналады. Сонымен қатар, біздің астанамыз халықаралық маңызды оқиғалар өтетін хаб алаңына айналып отыр. 20 жылдың ішінде елорда барлық бағытта жоғары жылдамдықпен даму үстінде. Әсіресе астаналықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шаралар көптеп жүзеге асырылып жатыр. Жол картасы бағдарламасы бойынша 183 млрд теңгенің 1142 кәсіпкерлік нысаны пайдалануға берілді. Сондай-ақ, шағын және орта кәсіп субъектілеріне 1 млрд теңгенің көлемінде микрокредит бөлінді. Соның нәтижесінде 9 мыңнан астам адам жұмыс орнын сақтап қалды және 5600 жаңа жұмыс орны ашылды. Қаланың экономикасы тек көрсеткіштермен ғана емес, жыл санап тұрақты және инновациялық тұрғыдан дамып келеді, – деді қала әкімі Бақыт Сұлтанов.
100-ге жуық адамға арналған «Seed­space Nur-Sultan» 7 кабинеттен тұрады. Оның ішінде коворкинг кеңселері, конференция залы және демалыс бөлмесі бар. Сонымен қатар, шаһар басшысы елордада «Ақылды қала», «Big Data», «Сергек», Smart Astana, «Ikomek», электронды ПИК жобаларының сәтті іске асырылып отырғанын айтып өтті.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды