«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Инклюзивті спартакиада

0 34

Елордада аутизмі бар балалардың ата-аналары құрған «Орда» қоғамдық бірлестігі ерекше спартакиада ұйымдастырды. Шара Дүниежүзілік аутизм туралы ақпаратты тарату күніне арналды.

Ұйым басшысы Салтанат Есмағамбетова кинотеатрлар, спорттық алаңдар, музейлер балаларға қолжетімді болуы үшін осы бірлестіктің 2016 жылы құрылғанын айтады. Ал 2017 жылы қала әкімдігімен бірлесіп, аутизмі бар балаларға арналған әлеуметтік жобаны қолға алған. Қазіргі таңда бірлестіктің екі жобасына 220 бала қатысады екен.
Айта кетейік, бұл спартакиадаға жүзден астам бала қатысты. «Инклюзивті жарыс мүмкіндігі шектеулі балаларға өздерінің құрдастарымен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық тәжірибесі балаларды жанашырлыққа, мейірімділікке, түсіністікке жетуіне ықпал етеді. Болашақта мұндай балалар мейірімді болады» дейді баласымен бірге жарысқа қатысқан ата-ана Гүлсім Сымбатова.
Жалпы, «Орда» орталығында балалар оңалтудан тегін өтеді. Олар спортпен шұғылданып, логопед, патолог, психолог мамандардан кеңес алады. Ерекше балалар үшін музыка және ойын терапиясы сияқты топтық сабақтар ұйымдастырылған.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды