«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

iKөmek пен Elorda Aqparat бірлесіп жұмыс істейді

0 23

iKөmek109 орталығының жетекшісі Жаннат Дүбірова мен Elorda Aqparat ЖШС басшысы Жарқын Жұмаділов астаналықтардың мәселесін шешуде бірлесіп әрекет етуге келісті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Бүгін #iKөmek орталығының жетекшісі Жаннат Дүбіровамен кездесіп, орталық жұмысымен кеңінен таныстым. 1800-ден астам қызмет түрі бойынша тұрғындарға көмек көрсететін орталық қалалықтардың арыз-шағымдарына уақтылы жауап беріп отыр. Азаматтардың жүздеген телефон номерге қоңырау шалып, тиісті мекемелерге түсе алмауы сияқты олқылықтардың алдын алған. 109 нөмірі арқылы көптеген мекемемен интеграцияланған орталықтың қызметі күрделі, ал тұрғындар үшін барлығы да оңайлатылған жоба» дейді «Elorda Aqparat» ЖШС басшысы.
Сонымен қатар ол «Elorda Aqparat» компаниясына тиесілі ақпарат құралдары қаланың проблемаларын ашық жаза бастағанына тоқталды.
«Себебі қазір жауырды жаба тоқып, өтірік мақтайтын уақыт емес. Ал iKomek бізге тиісті ақпаратпен көмектеседі, біз олардың жұмысын көпшілікке жеткізіп түсіндірумен айналысамыз. Яғни, тұрғындардың шағымына уақытында жауап бермеген, шешуге тырыспаған мекемелер туралы көбірек жазамыз» деп толықтырды Ж.Жұмаділов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды