«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

iKOMEK 109: Жылдам әрі сапалы

0 51

Жергілікті атқарушы органдардың өңірлердегі өкілдері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қалалық iKOMEK109 мониторинг және жедел әрекет ету орталығының тәжірибесімен танысты.

iKOMEK109 орталы­ғын таныстыру барысында қонақтар 109 интеллектуалды байланыс орталығының, бірыңғай қалалық бейнебақылау жүйесі мен талдау орталығының жұмысы көрсетілді. Өткен жылдың басынан бері орталыққа миллионнан аса өтініш түссе, оның 77 пайызы бірден шешілген екен. Ал биыл 570 мың өтініш қабылданыпты.
– Өтініштердің негізгі легі (74 пайыз) 109 телефон нөмірі арқылы келіп түседі. Ал бір ай бұрын бұл көрсеткіш 85 пайызға жетті. Наурыз айынан бастап өтініштерді +7(747)1090109 WhatsApp нөмірі арқылы да қабылдайтынымызды жариялағанбыз. Ал бұған дейін телеграм, әкімдік сайты, мобильді қосымша арқылы өтініш беру тәсілдері жұмыс жасап келген, – деді iKOMEK109 орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.
Мұнан басқа, iKOMEK109 орталығы аясындағы стратегия­лық KPIs, елорданы дамыту жобалары, азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу секілді қаланы басқарудағы басты мәселелер толықтай цифрланған және оларға онлайн түрде мониторинг жасалады.
Айта кетейік, қала тұрғындарына қызмет көрсететін 17 әкімдік басқармасы, 33 коммуналдық және авариялық қызметтер, 81 лифт шаруашылығы, 605 ПИК және 13 мемлекеттік медициналық ұйым қазір бір ғана «109» нөмірімен алмастырылған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды