«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Иіс тиюден құтқарып қалды

0 18

Елордада улы газды бақылайтын датчиктердің арқасында бір отбасы аман қалды. Төтенше жағдай «Көктал-2» тұрғын алабында болған.

«Сағат 12-ден 15 минут өткенде 112 қыз­метіне жедел жәрдем стансасынан Ақмола кө­шесіндегі үйлердің бі­рін­де тұратын азаматтар­дың иіс газынан улану белгілерімен ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел жәрдемді шақыр­ған келіншектің айтуынша, сағат түнгі 2-де улы газды бақылайтын датчик белгі бере бастаған. Бұл дауысқа оянған ол дереу үйдің есік-терезесін ашып желдетіп, қайта ұйықтаған. Таңертең екі баласын мектепке жөнелтіп, кіші баласымен үйде қалған келіншектің жүрегі айнып, басы айнала бас­таған» делінген қалалық Төтенше жағдай департаментінің хабарламасында.
Сағат 12-лер шамасында жедел жәрдем бригадасы әлгі келіншекті баласымен бірге ауруханаға апарып, тексереді. Денсаулықтарының қалыпты екеніне көздері жет­кен соң, үйлеріне жібе­реді.
Еске сала кетейік, Сарыарқа ауданының Төтенше жағдайлар бас­қармасы өкілдері бұл үйге улы газды бақылайтын датчиктерді ақпан айында орнатқан.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды