«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жас дарындарға табыс тіледі

0 16

«Шаттық» жас дарындар фестивалі Астананың 10-жылдық мерекесінде басталып, міне, осымен он бірінші рет Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатыр. Жылдағы әдетінше, фестиваль орталық қала алаңында 4-6 шілде күндері ұйымдастырылды.

Осы күндері Қазақстанның барлық аймақтарынан және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәджікстан, Украина, Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Башкортстан, Болгария, Түркия, Кубадан, АҚШ-тан келген жас әншілер, бишілер, халық орындаушылары, сән театрлары өнер жарыстырды. Фестивалға 5-18 жас аралығындағы 350 бала қатысты. Фестиваль бағдарламасы мына жанрлар бойынша өткізілді: вокал, хореография, фольклор, аспаптық, сән театры, ерекше жанр. «Шаттық» фестивалі біздің бас қаламен тығыз байланысты және бұл жас ұрпақ санасында Нұр-Сұлтан қаласының Еуразиядағы ірі өнер орталығы ретінде танытуға септігін тиізіп келеді. Осы уақыт ішінде фестиваль жас таланттар қозғалысына айналды. Өнер мерекесі балалардың көркемөнерпаздықпен айналысуына, халық өнерін дамытуға, жаңа дарындарды ашуға, олардың ары қарай жетілуге, шығармасын балаларға арнап жазатын композиторлар мен ақындарды қолдауға, жаңа әдістемелік және тәжірибелік ақпаратпен алмасуға айрықша жол ашылды. Бұл фестиваль неше түрлі мәдениеттердің бір-бірімен араласу процесін жетілдіріп, Қазақстанның дүниежүзілік қоғамдастыққа ену процесіне себін тигізеді және дүниежүзілік аренада біздің еліміздің жағымды имиджін жасауға өз үлесін қосуда. Фестивальде үздіктердің ішіндегі озықтары шығып өнер көрсетуде.
Өнер сайысына Кеңес Одағының халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, академик Бибігүл Төлегенованың (төрайымы), композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Кеңес Дүйсекеевтің, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор Қаракөз Ақдәулетованың, өнертанушы, продюсер, меценат, қоғам қайраткері, «Европа Молодая» және «Европа Молодая Фольк-стиль» халықаралық фестиваль-конкурстарының директоры, халықаралық продюсерлер ассоциациясының мүшесі, Татьяна Апанасенко (Украина), Эстетика докторы, «Спектор» қоғамдық қорының төрағасы, Болгариядағы шығармашылық жобалардың продюсері, «Речные ноты», «Сарандев» конкурстарының ұйымдастыру комитетінің мүшесі, Болгар телеграф агенттігінің журналисті (БТА), Славян базары фестивалінің Болгария ресми өкілі Николай Текелиевтің, болгарлық режиссер, «Роза востока» халықаралық балалар мен жастар өнер фестиваль-конкурсының директоры, «Зарафшан» мәдениет орталығының көркемдік жетекшісі Ольга Иванникованың, Армян Республикасы мәдениет министрлігі қарамағындағы Ереван мемлекеттік мәдениет және сапа колледжінің директоры, «X-FACTOR» халықаралық конкурсының құрметті жүлдегері, Вреж Киракосянның, Әзірбайжан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Балалар мен жастарды дамыту орталығының директоры Лала Гатидың, Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, «KGтай» балалар жобасының авторы және продюсері, «Art Bulak» қоғамдық қорының директоры Гүлнәр Тойғанбаеваның, Латын Америка құрлығының ресми өкілі Перез Замора Лорейдистің, т.б. танымал тұлғалардың қазылық етуі фестивальдің деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.
«Шаттық» жас дарындар фестивалі біздің еліміздің өнер өміріндегі ескерілетін көрінісіне айналды, әрі бұл фестивальға қатысу, абыройлы, мәртебелі іс болып саналады. «Шаттық» лауреаты аталу, Қазақстан жас таланттарына өнер әлеміне жасағалы жатқан сапарларына лайықты өнер бастамасы бола тұра, оларға өмірлік жолдама ретінде қызметін көрсетеді.
6 шілде күні фестивальге қатысушылардың шеруі өтіп, сонан лауреаттар марапатталды. Фестивальдің шымылдығы жабылар тұста жеңімпаздар мен жүлдегерлерден құралған гала-концерт берілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды