«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Халықтың өмір сүру деңгейі жақсармақ

0 21

Бүгін  «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ  съезі де өтті. Съезд күткен үміттерді ақтады деп айтуға болады.

Өйткені онда әлеуметтік мәселелерге ерекше көңіл бөлініп, үкіметке нақты тапсырмалар берілді.

Көпбалалы, аз қамтылған, табысы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі тұрғындар үшін ең керегі, маңыздысы – баспана мен жәрдемақы. Елбасы көп балалы аналардың жәрдемақысын 21 мыңға дейін көтеруді тапсырды. Бұл әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға белгілі бір дәрежеде көмек болады деп ойлаймыз.

Бюджет қызметкерлері үшін керегісі – жоғары жалақы. «Жыртығын жамау үшін» емес, 1 ай уайымсыз өмір сүретін жалақы. Бұл да ескеріліп, жалақысы төмен азаматтарға 30%-ға артатын болды.

Тұрғын үй – өткір проблемалардың бірі. Президент түрғындардың осал топтары үшін жалға берілетін пәтерлерді және шамамен 2-3% төмен пайыз көлемімен сатып алынатын пәтерлерді қарастыруды тапсырды. Бұл да .

Газдандыру, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, жолдарды жөндеу үшін қосымша қаражат өңірлер үшін ғана емес, Астана үшін де қажет. Өйткені қыста Астанада жеке сектордың есебінен қала көк түтінге оранады емес пе?

Уәде еткендей, әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлді. Бүгінгі тапсырмалар өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін болады.

Көптеген жылдар бойы қордаланып қалған  өзекті мәселелердің  шешімі табылады  деген сенімдемін. Президет күн тәртібіне қойған түйінді мәселенің  барлығы халықтың қажеттілігінен, сұрауынан туындап отырғаны  белгілі.  Бұл жерде ештеңе оның назарынан тыс қалмайтынын атап өткен жөн.

Тәбия ЖАНМҰРЗИНА,
«Ілтипат» Қоғамдық
бірлестігінің басшысы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды