©2018 Астана Ақшамы
Халықаралық байқаудың жүлдегері
Белгілі жазушы, дарынды драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жолтай Әлмашұлы Ресей Федерациясының «Золотое перо Руси» ұлттық әдеби сыйлығының биылғы «Бисер Киров» атындағы күміс сыйлығының иегері атанды.
Біраз жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл ұлттық әдеби байқауға дүние жүзінің қаламгерлері өз шығармаларымен қатыса алады. Биыл да өте көп шығарма талқыға салынған.
Міне, солардың арасынан қазақ қаламгерінің «Вечная элегия» атты орыс тіліндегі әңгімелер жинағы «Руханият» номинациясы бойынша ерекше аталып өтіп, күміс жүлдегер атанды.
Мұны тек қана қарымды қаламгердің шығармашылық жетістігі емес, бүкіл ұлт әдебиетінің мәртебесі деп атаған орынды болар.
Біз қазақ қаламгерін халықаралық марапатқа ие болуымен шын жүректен құттықтап, алдағы шығармашылық жұмыстарына сәттілік тілейміз!