«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Халықаралық байқаудың жүлдегері

0 17

Белгілі жазушы, дарынды драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жолтай Әлмашұлы Ресей Федерация­сының «Золотое перо Руси» ұлттық әдеби сыйлығының биылғы «Бисер Киров» атын­дағы күміс сыйлы­ғының иегері атанды.

Біраз жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл ұлттық әдеби байқау­ға дүние жүзінің қаламгерлері өз шығармаларымен қатыса алады. Биыл да өте көп шығарма талқыға салынған.
Міне, солардың арасынан қазақ қаламгерінің «Вечная элегия» атты орыс тіліндегі әңгімелер жинағы «Руханият» номинациясы бойынша ерекше аталып өтіп, күміс жүлдегер атанды.
Мұны тек қана қарымды қалам­­гердің шығармашылық жетіс­тігі емес, бүкіл ұлт әдебиетінің мәр­тебесі деп атаған орынды болар.
Біз қазақ қаламгерін халық­аралық марапатқа ие болуымен шын жүректен құттықтап, алдағы шығармашылық жұмыстарына сәттілік тілейміз!

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды