«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы

Нұрлан Батпенов, Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының директоры

0 50
Нұрлан Батпенов

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Бірінші Жолдауында стратегиялық дамудың әлеуметтік-экономикалық, саяси және құқықтық векторлары туралы айтылды.

81-тармақтан тұратын жаңа пішімдегі құжатта Елбасының экономиканы дамытуға және қазақстандықтардың әл-ауқатын өсіруге, жұмыс­пен қамтылуына, зейнетақы­мен қамсыздандырылуына, тұрғын үй және жер мәселелерін шешуге, сыбайлас жемқорлықпен жүйелі күресуге, құқық қорғау жүйесінің толыққанды реформасын жүргізуге бағытталған маңызды бас­тамаларын одан әрі іске асырылуы ұсынылған. Президент билік пен қоғам арасын байланыстырушы көпір ретіндегі азаматтардың сұраныстарына шұғыл әрекет жасайтын – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысын жандандырды. Шенеуніктерді азаматтық қоғамды қолдауға және нығайтуға, оны аса маңыз­ды жалпымемлекеттік міндеттердің талқысына қатыстыруға шақырды.
Осы Жолдау – отандас­тарымыз­дың маңызды проблемаларына ерекше назар аударылған негіздемелік құжат екенін профессор қоса айтты. Бұл жұмыс істейтін халықтың өз зейнетақы қорланымы бөлігін тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға мақсатты пайдалану, шағын және орта бизнес субъектілерін 3 жылға дейін тексеруге тыйым салу және табыс төлемінен босатуды енгізу, азық-түлікке, авиа – және теміржол билеттеріне бағаны белгілеу, 2020 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысын 25%-ға көтеру. Бұдан басқа, Президент ерекше қажеттіліктері бар адамдарға тең мүмкіндіктерді жасау үшін үш жыл ішінде 58 млрд. кем емес теңге бөлуді Үкіметке тапсырды: «қадамдық қолжетімділіктегі» балаларға арналған оңалтудың кіші және орта орталықтарын кеңейту, БЦП диагнозымен балаларды медициналық және әлеуметтік сүйемелдеуін жақсарту.
Аналар мен сәбилердің өлімін азайту, медицинадағы нақты нозологиялар бойынша әр өңірге арнал­ған басымдылықтардың тізімін құрастыру және оның негізінде бюджеттік қаржыландыруға енгізуді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке өз Жолдауында тапсырды деп жалғастырды Нұрлан Батпенов. Ел Президенті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылуын да назардан тыс қалдырмады. Сонымен бірге ол медициналық көмектің тегін кепілдік берілген көлемін мемлекет сақтап қалатынын ескертті. Осылайша МӘМС жүйесіне қатыспайтын қазақстандықтарға алғашқы және шұғыл, сондай-ақ негізгі инфекциялық емес аурулар мен айналадағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу ұсынылады. Сақтандырылған азаматтар ТМККК тыс медициналық, оның ішінде қымбат тұратын қызметтерге қолдары жетеді. Оң өзгерістер қазіргі уақытта да бар: медициналық қызметкерлердің жалақысы көтерілгені, тұрғындарға берілетін дәрі-дәрмек көмегінің көлемі ұлғайғаны туралы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының директоры айтты.
Жаңа жылдан бастап, Әлеуметтік мед. сақтандыру қоры мамандарының есебі бойынша жан басына шаққанда медициналық көмекке шығындар 52,5 мыңнан 92,2 мың теңгеге ұлғаяды, стационарлық көмекке шығындар 323,2 млрд-тан 432,6 млрд. теңгеге ұлғаяды, консультациялық-диагностикалық көмектің қаржыландыруы 6 есеге ұлғаяды – 29,7 млрд. теңгеден 180 млрд. тенгеге дейін.
Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты ҚР жалғыз клиникалық, ғылыми және диагностикалық орталық. Осында жылына жарақаттары мен ортопедиялық аурулары бар 12 мыңнан астам пациент ем алады, – деп профессор Батпенов әңгімеледі. Операциялар эндопротездер мен қажетті жабдықтың барлық түрі болуында орындалуы тиіс. Бұл тұрғыдан біздің қамтамасыз етілуіміз жаман бол­маса да, біз МӘМС ендірі­луі­мен қаржыландырудың ұлғаюына үміт артамыз. Жаңа жабдықтар, аспаптар, құрылымдар – эндопротездер, фиксаторлар өте маңыз­ды.
Сатып алынған жабдық­тар сервистік қызмет көрсетілуін талап ететінін ұмыт­пау керек. Техника ең көбі 3-4 жыл түзік күйінде жұмыс істей алады, содан кейін оны жаңарту керек, жаңа бөлшектер қосымша сатып алу керек. Бұл үлкен қаржылық шығындарды талап етеді. МӘМС шеңберіндегі сервистік қызмет көрсетуге шығындарды өтеу тарифтік саясаттың бөлігі болу керек.
МӘМС жүйесінде оңалтуға қаржыландыру шамамен үш есеге ұлғайғаны мені қуантады. Бұл өте маңызды. Өйткені бүгінгі күнде республикада оңалту үдерісі нашар дамыған, оны реттеу керек, өңірлерде орталықтар құру, мамандарды даярлау қажет. Біз әртүрлі жастағы, ең қиын патологиясы бар, 90 жастағы пациенттерге де көмектесеміз.
Адамдар ауырсынуға жылдар бойы шыдады немесе қимылсыз қалды және науқастың сауығып кетуінде шешуші рөлді оңалту атқарады. Операция сәтті өткенде біз ұсынымдар береміз, ал өңірлерде оларды орындай алмайтыны бізді қынжылтады. Сақтандыру медицинасы осы кемшілікті жоюға мүмкіндік береді, өйткені МӘМС талаптарына сәйкес болу үшін жұмыс пішімін өзгерту керек.
Жоғары деңгейдегі денсаулық сақтау және дені сау ұлт – қазіргі Қазақстанның басымдылықтары. Менің ойымша, 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдау – басымдылықтары белгіленген және мақсаттары айқындалған ағымдық жағдайға терең талдау жасау, ал біз оны іске асыру керекпіз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды