«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Халық көзайымдарының көрмесі

0 26

 Астанадағы Қазмедиа орталығында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарына арналған көрме өтіп жатыр. Бірнеше апта бұрын дәл осы көрмені «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығына келушілер тамашалаған болатын.

Көрмеде еліміздің түкпір-түкпірінен таңдалып алынған жоба жеңімпаз­­да­рының портреттері, атқарған ісі мен өмір жолы туралы аз-кем ақпарат жазылған. Мұндағы мақсат – егемен еліміздің еңсесін тіктеуге еңбек етіп келе жатқан қарапайым азаматтарды жалпақ жұртқа таныстыру. Сондай-ақ, олардың жеткен жетістіктерін көпшілікке үлгі етіп, дәріптеу мақсатында ұйым­дастырылған.
Фотокөрме былтыр 1 желтоқсан күні Елбасының жоба жеңімпаздарымен кездесуінде көрсетілген еді. Жоба ұйым­дастырушысы – Ақ­па­рат және коммуникациялар министрлігі.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды