«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Гроссмейстер үйретеді

0 7

Астанада Халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова «Шахмат ойнауды үйренейік» атты кітабының тұсаукесерін өткізді.

Бұл – екі тілде, дәлірек айтқанда қазақ және орыс тілдерінде жазылған еңбек интеллектуалды ойын бойынша Қазақстандағы алғашқы оқу құралы болып отыр. Оқырмандар кітаптан шахматтың тарихы, ере­желері, тактикалық әдістері, тапсырмалар мен олардың жауаптары, этюдтердің шешілу жолдары және ойын кезіндегі тәртіп ережелері жөнінде нақты ақпарат-кеңес ала алады.
Аталған кітап Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми білім беру қоры мен Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен жа­рыққа шықты. Жақын арада оқу құралы кітап дүкендері мен сайттарда сатылымға шығады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды