«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Гроссмейстер кубогын кім алды?

0 16

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттер арасында халықаралық гроссмейстер, әлем және Азия чемпионы Динара Садуақасованың кубогы үшін шахматтан республикалық турнир мәресіне жетті.

2013 жылдан бері өткізіліп келе жатқан турнирге биыл Қазақстанның барлық өңірінен 30-дан аса жоғары оқу орындарының 124 студенті қатысты. Жарыстың жалпы жүлде қоры 1,5 миллион теңге болды.
Командалық есепте Алматы халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттері жеңімпаз атанды. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері екінші орынды, ал қола жүлдені Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері иеленді. Төртінші, бесінші және алтыншы орындарға ие болған командаларға арнайы сыйлықтар берілді. Жаттықтырушыларға да арнайы дипломдар табыс етілді. Ерлер арасындағы жеке додада ЕҰУ студенті Жандос Агманов бас жүлдені жеңіп алса, қыздар бәсекесінде Алматы ХАТУ студенті Альфия Насыбуллина жеңімпаз атанды. Сонымен қатар үздік ондыққа іліккен жүлдегерлерге де ақшалай сыйлықтар мен ­дипломдар табысталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды