«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Гөбеклітепе» фотокөрмесі өтті

0 36

2019 жыл Түркияда Гөбеклітепе жылы ретінде жарияланған болатын. Осы орайда елордадағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы «Гөбеклітепе» фотокөрмесін ұйымдастырды.

Гөбеклітепе ғибадатханасы Түркияның Шанлыурфа қаласының орталығынан 21 шақырым қашықтықтағы Өренджик ауылына жақын орналасқан. Алаң 1963 жылы Ыстамбұл және Чикаго университеттері бірлесе отырып жүргізген жоғарғы қабат зерттеу жұмыстары кезінде қазылды және оған «V52 неолиттік мекен» деген ат берілді. Алаңның асқан құнды жәдігер екендігі 1994 жылдан кейін жүргізілген жұмыстардан кейін анықталды. Осы қазба жұмыстарының нәтижесінде Гөбеклітепенің 12000 жыл бұрын салынған ғибадат орны екені белгілі болды.

Мұндағы ғибадатхана ғимараттары өндіріске өту кезеңінде, яғни ауылшаруашылығы мен мал шаруашылына жақын кезеңдегі аңшы топтары тарапынан тұрғызылған деп есептеледі. Басқаша айтқанда Гөбеклітепе өз маңайындағы соншалықты дамыған және терең наным –сенім жүйесі бар аңшы топтары үшін маңызды культ орталығы болып табылады. Бұл жағдайда аймақты ең ерте Қыш- құмырасыз неолитик дәуірдің (PPN, Pre-Pottery Neolithic), А кезеңінде яғни, қазіргі күннен ең аз дегенде 11.600 жыл бұрын қолданыла бастады деп есептеуге болатын сияқты. Сондай –ақ, Гөбеклітепедегі ең ескі әрекеттерді даталауға қазір мүмкіндік жоқ, алайда ескерткіш ғимараттарына қарасақ, оның тарихының тамыры палеотикалық дәуірден бастау алып, мыңдаған жыл тереңге,
эпипалеотикалық дәуірге дейін созылып жатыр деуге болады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды