©2018 Астана Ақшамы
Гимнастшылар бәсекеге түседі
Кеше Астанада жастар арасында көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын көтерді. Дүбірлі додада жекелеген бағдарламада және топтық жаттығуларда спорт шеберлері мен спорт шеберіне үміткерлер бәсекеге түседі.
Чемпионатта еліміздің 11 облысынан және Алматы мен Шымкент қалаларынан келген спортшылар бағын сынайды. Жарысқа өңірлерден 106 гимнастшы жекелеген бағдарламада және 30 команда (әр командада 6 адамнан) топтық жаттығуларда шеберлік сынасады.
Топтық жаттығуларда 5 команда (әр командада 6 адамнан), сондай-ақ жекелеген бағдарламада 10 спорт шебері және 11 спорт шеберіне үміткер елорданың намысын қорғайды.
Мұнымен қоса, қатысушылар арасында топтық жаттығулар бойынша көпсайыстан екі разрядтық санатта – спорт шебері (2002-2003 жылдары туғандар) мен спорт шеберіне үміткерлер (2004-2006 жылдары туған жастар) жеке біріншілік өткізіледі.
Жарыс 1 ақпанға дейін жалғасады.