ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ҰШТАССА

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде ҚР Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің «Агроөндірістік кешенді цифрландыру. Оның қазіргі ахуалы, кедергілер мен перспективалары» атты тақырыпта көшпелі отырысы өтті.

Алдымен Парламент Мәжілісінің депутаттары жоғары оқу ордасындағы геологиялық ақпараттық жүйелер орталығын көрді. Бұл технология топырақ пен тұқымның түрлі дерттер мен зиянкестерге шалдығу жағдайын дәл анықтап, астық түсімін алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол әрбір жер пайдаланушы өз міндетін қалай орындап жатқанын бақылауға жағдай жасап, жер инс­пекторларының қолын ұзартады. Әсіресе, германиялық әріптестермен бірлесіп іске асқан егіншілік орталығы халық қалаулыларының қызығушылығын туғызды.
Көшпелі отырыс барысында университет рек­торы Ақылбек Күріш­баев ғалымдарының осы бағыттағы жетістікте­рі­не тоқталды. Оның ай-
­­туынша, ғарыштық зон­д-
тау технологиясын қол­дану жер пайдалану про­цесін бақылауға, жер туралы заңдарды сақтау­ға қол жеткізеді. Топырақ жағдайы мен сипаты жө­ніндегі сандық база құру, оның ауа райы мен таби­ғат әсерінен қалай өз­ге­ретіндігін анықтап, тиісті агротехникалық шаралар қолданып, минералдық тыңайтқыштар мен тұқымды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Семинарға ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко бастаған депутаттар қатысып, аг­ро­өнеркәсіп саласын же­тілдіру жайындағы өз ой­-
­­ларын ортаға салды. Бү­кіл­әлемдік банктің ауылшаруашылық мәселелері жөніндегі жетекші экономисі Дэвид Нильсон баяндама жасады.
– Мемлекет басшысының «Аграрлық сала ел экономикасының драйвері болуға тиісті» дегені баршаға белгілі. Ал бұл міндетті орындауға ауыл шаруашылық саласын білікті ғалымдар мен мамандармен толық қамтамасыз еткенде ғана қол жеткізуге болады. Қазақстандық агроөнеркәсіпті толыққанды дамыту үшін бізге де дамыған елдер үлгісі бойынша ғылыми-зерттеу университетін құру қажет. Тек сол кезде ғана технология­ларды тікелей өндіріске трансферттеуге болады. Алайда біздің бұл туралы бастамамыз толық қолдау тауып отыр деп айту қиын. Бүгінгі басқосу аграрлық саланың проблемаларын түбегейлі шешуге бағытталған алғашқы қадам бо­лады деген үміттемін, – деп сөзін қорытындылады оқу ордасының басшысы Ақылбек Күрішбаев.

Азамат Есенжол

Сонымен қатар

АСТАНАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІС

«Астана» баскетбол клубы ВТБ лигасы аясында өз алаңында Красноярск қаласынан келген «Енисей» командасын қабылдап, 92:75 …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған