«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Ғасырларға созылған қасірет»

0 24

Өткен ғасырдың зобалаң жылдары ұлт көсемдері отанын сатты деген жаламен ату жазасына кесілсе, жұбайлары қамауға алынып, жазаларын өтеді. Жақында ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейі мен АЛЖИР мемориалды-мұражай кешені бірлесіп, Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін «Ғасырларға созылған қасірет» атты көшпелі көрме өткізді.


Көпшелі көрме Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында қолға алынып отыр. Көрменің ашылу рәсіміне АЛЖИР тұтқыны болған Шәкітай Тәтімованың немересі Сырым Ғаббасов, лагерьде жазасын өтеген Елизавета Сәдуақасованың немересі Перизат Сәдуақасова, сондай-ақ ғалымдар мен мектеп оқушылары қатысты.
ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінің бастығы, подполковник Нұртаза Асилов іс-шараның маңызы туралы қозғай отырып, көрмеге қойылған жәдігерлер өткен ғасырдың қилы кезеңдері туралы ой салатынын жеткізді.
Жұртшылық назарына сол шақты бейнелейтін фотолар мен түрлі заттар ұсынылды. Олардың арасында Ғазима Алманиязованың сандығы, 8 жыл жазасын өтеген Бибіжамал Сырғабекованың көйлегі, Лидия Френкель өз қолымен ұстаған «Голубой ларец» иіссуы, Янина Германовичтің төрт айлық қызын ораған көрпешесі көрменің сәнін арттырып тұрды.
Іс-шара соңында жұртшылық тарапынан арнайы түсірілген бейнеролик көрсетіліп, онда АЛЖИР-дің бүкіл бейнесі паш етілді.

Бексаттар САТТАР

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды