«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Газетке жазылу жүріп жатыр

0 32

Нұр-Сұлтан қаласында баспасөзге жазушылар күні мерекесі өтті.«Қазпочта» АҚ астаналық филиалы ұйымдастырған іс-шараға республикалық және жергілікті газет-журналдардың жетекшілері мен журналистері қатысып, оқырмандармен жүздесті. Қала тұрғындары мен қонақтары қазіргі баспасөзге қатысты өз ойларын ортаға салды.
«Астана ақшамы» газетін ашылған кезінен білемін. Мән-мазмұны, көркемдік келбеті қалыптасқан басылым газет деп білемін. Тұрақты оқырманымын десем де болады. Алдағы жылы газеттің шыға бастағанына 30 жыл толады. Газеттегі «Ұлт ұпайы», «Үйренетін үрдістер», «Астана және астаналықтар», «Мәселе», «Руханият» және басқа да айдарлармен шығатын мақалаларды қызығып оқимын. Басылымның келешекте де осы бағытты ұстанып, оқырман құрметіне бөлене беруіне тілектеспін, – дейді газет оқыр­маны Талғат Тәшкеев.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды