«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Газдандыру шеткі аймақтан басталады

0 40

Газ тарту жобасына сәйкес, көгілдір отын бірінші кезекте Астанадағы ЖЭО-лар, одан кейін «Көктал-1», «Көктал-2», «Железнодорожный», «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын алаптарына тартылады.

Отын-энергетикалық және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, газдандыру жобасын жүзеге асыру 3 кезеңге бөлінген. Оның бірінші кешені іске қосылғанда АГРС-1-ден ЖЭО-1 және ЖЭО-3-тің су жылытқыш қазандықтары мен мазут қазандары газбен қамтамасыз етілмек. Ал екінші кешен іске қосылғанда табиғи отын АГТС-2-ден ЖЭО-2-нің су жылытқыш қазандарына жіберілмек. Сол сияқты 3-6 кешендер «Көктал-1», «Көктал-2» тұрғын алаптарына, жетінші кешен «Железнодорожный» тұрғын алабына, ал 8-9 кешендер «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын алабына газ таратады деп жоспарланған.
Ал 2-кезеңдегі газ тарату желілерінің құрылысы 2021-2023 жылдар аралығында жергілікті және республикалық бюджет, сондай-ақ жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылмақ. Екінші кезектегі газ тарату желілері құрылысының жобасы шеңберінде та­биғи отынмен «Мичурино», «Интернациональный», «Күйгенжар», «Тельман», «Пригород», «Garden Village» және «Family Village» тұрғын алаптары қамтамасыз етілмек. Сондай-ақ газ тартудың үшінші кезеңінде «Үркер», «Шұбар», «Өндіріс» тұрғын алаптары қамтылмақ.
Жалпы, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында қаладағы газ тарату же­лілерінің 1-кезеңі бойынша құрылыс жұмыстары басталады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды