«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Галышева – әлем чемпионы

0 38

АҚШ-тың Парк-Сити қаласындағы Дир-Вэлли тау шаңғысы курортында өткен әлем чемпионатында қазақстандық Юлия Галышева алтын медаль иеленді.

Бұл – оның әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісі. 2018 жылғы Олимпиадада қола жүлдегер атанған біздің Юлия осы сында кеткен есені қайтарды. Ол 79,14 ұпай жинап, бәрінен бірінші болды.
Екінші орынды 78,99 ұпаймен австралиялық Энтони Джакара алды. Ал үздік үштікті сол былтырғы Олимпиаданың чемпионы болған француз Перрин Лаффон 78,70 ұпаймен түйіндеді.
Юлия Галышева жарыстан кейін «Бұл жүлде бізге бірден келе салған жоқ. Осы жолда маған дем беріп келген командам, бапкерлер штабы бар. Жетістік – солардың арқасы. Біз Қазақстанды әлі де таң қалдыруға тырысамыз» деп ой бөлісті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды