Пятница, 22 Сентябрь 2017
-->

ФИННІҢ «ЖАСЫЛ» ИННОВАЦИЯСЫ

Финляндия агротехника саласындағы инновацияларымен бөлісті. Финнің бірқатар компаниялары жергілікті ауыл шаруашылық кәсіпорындардың өкілдерімен кездесіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Кездесуге Финляндияның Тұрғын үй, энергетика және қоршаған орта жөніндегі министрі Киммо Тиилайкай қатысты. «Екі ел арасындағы экономикалық қатынастар жоғары қарқынмен дамып келеді. Бұл серіктестік ауыл шаруашылық саласында да кеңеюі мүмкін» деді ол.

Фин елінде қолданылатын агротехнологиялар өнімділікті арттыратын әдіс ретінде халықаралық дәрежеде кеңінен танымал. Қазақстан мен Финляндияның климаты ұқсас болғандықтан, елімізде ауыл шаруашылығының жаңа технологияларын енгізуге мүмкіндік бар.

Фин өнеркәсібі Қазақстандағы ауыл шаруашылық дақылдарын жинау мен өңдеу, мал шаруашылығы сияқты салаларда жоғары сапалы өнімдерін ұсына алады. Мәселен, ELHO компаниясы егістікте қолданылатын инновациялық техниканы жасап шығарумен айналысады. Әлемге экспортталатын машиналар экологияға зиян тигізбейді.

Print Friendly, PDF & Email
PDF24    Отправить статью как PDF   

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*