http://www.astana-akshamy.kz www.astana-akshamy.kz Wed, 22 Mar 2017 05:16:46 +0000 ru-RU hourly 1 ӘЛІБАЙДЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ӘЛЕМІ http://www.astana-akshamy.kz/alibajdyng-etnografiyalyq-alemi/ http://www.astana-akshamy.kz/alibajdyng-etnografiyalyq-alemi/#respond Tue, 21 Mar 2017 12:28:55 +0000 http://www.astana-akshamy.kz/?p=44783

Categories:

Tags:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  талантты зергер  Берік Әлібайды білмейтін қазақ жоқ. Бабамыздың асыл өнерін ардақтап жүрген дарынды азамат туралы баспасөзде көбірек жазылды. Біз енді зергерлік өнердің шыңына шыққан шебердің  этнографиялық музейі жайында сыр тартсақ дейміз. ТЕКТІ ӨНЕРДІҢ ТАРЛАНЫ Берік ағамыздың бабалары ұста болған. Атасы Әлібайдың інісі Әлімбай көрік ұстаған. Ал әкесі Сәтімбек те өнерден қара ...

The post ӘЛІБАЙДЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ӘЛЕМІ appeared first on .

]]>

erm_2069-asli

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  талантты зергер  Берік Әлібайды білмейтін қазақ жоқ. Бабамыздың асыл өнерін ардақтап жүрген дарынды азамат туралы баспасөзде көбірек жазылды. Біз енді зергерлік өнердің шыңына шыққан шебердің  этнографиялық музейі жайында сыр тартсақ дейміз.

ТЕКТІ ӨНЕРДІҢ ТАРЛАНЫ

Берік ағамыздың бабалары ұста болған. Атасы Әлібайдың інісі Әлімбай көрік ұстаған. Ал әкесі Сәтімбек те өнерден қара жаяу болмаған. Жылқының әбзелдерін жасаған. Ол бала күнінен суретші бала атанады. Сол өнерді әрмен қарай жалғастырамын деп арман қуып Алматыға келеді. Қазіргі Орал Таңсықбаев атындағы көркемсурет училищесіне оқуға түседі. Осылай басталған кішкене жол кейін үлкен даңғылға айналады. Бүгінде оны жалпақ ел емес шет жердің азаматтары да жақсы біледі. Ол жасаған зергерлік бұйымдардың дені өзге мемлекеттерде бағалы саналады. Осы жолы ол кісінің шеберлігі емес, коллекция жинау қасиеті қызықтырды.
–Балалық шағымнан көне жәдігер­лерге жақын болып өстім. Менен үлкен марқұм Серік деген ағам болды. Ұзақ жылдар бойы ішкі істер саласында қызмет істеді. Сол кісі милицияға әртүрлі жағдаймен түскен адамдардан алған қаруларын үйге алып келетін. Мен оған жата жабысатын едім. Көбісі азамат соғысында қолданылған қарулар еді. Соларды біртіндеп жинай бастадым, Алматыға оқуға барғанда оларды өзіммен алып кетіп, жалдаған пәтеріме іліп қойдым. Алғашқы коллекциям солай басталды. Кейін өзім де зергерлікпен айналыстым. Қалтама қаржы түсті. Сөйтіп көне заттарды сатып ала бастадым. Қазір жеке коллекциямда тас ғасырдан бастап, қола дәуір мен сақ заманында пайдаланған қарулар бар. 17-18 ғасырда кәдеге асқан этнографиялық жәдігерлер де кездеседі. Соның бәрі музейіме сый­мауға айналды, – деді Берік Әлібай.

erm_1966-asli

КИІЗ ҮЙДІҢ ҚАСИЕТІ

Екі қабатты еңселі үйдің ауласында бес қанатты киіз үй тігілген. Ол бізге құдды бір этнографиялық ауыл секілді жылы әсер қалдырды. Оны Қарақалпақстаннан келген қандасымыздан сатып алыпты. Үйдің іші ұлттық оюлармен безендірілген. Көне сандықтар, құрақ көрпелер, басқұрлар қыс­қасы, ертеде ата-бабамыз ұстанған жабдықтардың бәрі қойылған. Қызығып қарайсыз. Олардың дені 19-ғасырдың жәдігер­лері саналады. 15-16 ғасырда ғұмыр кешкен қазақ батырының сауыты ілінген. Бір бұрышта көне күбі күмбірлеп тұр. Көзден бұл-бұл ұшып бара жатқан құндылықтарымызды көріп, ертегі әлемге енгендей күй кештік. Айта кетейік, елордаға келген шетелдік делегацияларды біздің азаматтар осында әкелуге құмартып тұрады екен. Олар шебердің жеке коллекциясын көріп, көшпенділер тарихын таниды. Сондай қадірлі қонақтарға қазақы киіз үйден дәм татқызып, халқымыздың қонақ­жайлылық қасиетін көрсетеді.

erm_1630-asli

СӘУКЕЛЕДЕ ТҰНҒАН СЫР

Музейден көзімізге ерекше түскен сәукеле туралы сыр тартқымыз келді. Ағамыз оны үлкен қызы тұрмысқа шыққанда жасапты. Көркемдігі жоғары туынды деп айтуға болады. Оған бар өңірдің үлгісін салған. Сәукеленің әшекейлері таза күмістен өріліп, барқыттан тігілген. Оны жасау үшін зергер көп еңбектеніпті. «Бабаларымыз қызы ұзатылар кезде бар малын шашса да аянып қалмаған. Сондықтан мен де қызыма мәңгілік есте қалатындай сәукеле жасағым келді. Сөйтіп, сәукелені қызым ұзатылып бара жатқанда батамды беріп, кигіздім. Ол қазір отбасымыз үшін құнды жәдігерге айналды» деп оның тарихынан сөз қозғады. Расында, сәукеледе терең сыр бар екенін анғардық.
Зергердің күміспен күптеп жасаған алқалары, жүзіктері, білезіктері және сырғалары да әсемдігімен көз тартады. Әшекей бұйымдарының бәрі де таза күміс­тен жасалған. Әрине, алтын, жез, мыс, ақық, перуза, малахит және құлпырма тасты қосымша пай­даланған. Сонымен бірге ұстаның қолынан шыққан кездік, пышақ, қанжарлар да жұтынып тұр. Реңдері жүз құбылады. Бір бөлменің іші ат әбзелдерге арналған. Олардың көнесі 16-17 ғасырдан бас­тау алады. Халқымызға танылған қылқалам шеберлерінің түпнұсқа туындылары төрден орын алған.

erm_1642-asli

МАСАТЫДАЙ ҚҰЛПЫРҒАН КІЛЕМДЕР

Бала күнімде ауылдағы әжеле­рімнің кілем тоқитын өнерін өз көзіммен көрген едім. Кейін ол ұмытылып қалды. Қазір ешкім де кілем тоқымайды. Бәріміз де дайынға жүгіреміз. Ағамыздың жиналып тұрған түрлі-түсті кілемдерін көргенде көз алдыма ауылдағы әжелеріммен бірге кеткен қазақтың саф өнері ойыма түсті. Зергердің жеке коллекциясында кілемнің түр-түрі бар. Араб дейсіз бе, парсы дейсіз бе, қазақы дейсіз бе, әйтеуір, кілемнен көп дүние жоқ екен. «Бізде кілем өндірісі тоқтады. Басқа жұрттың кілемдері нарықты жаулап алды. Елімізде өткен ғасырдың 50-60-шы жылдарға дейін кілем тоқу дәуірледі. Әсіресе, Қызылорда облысында жақсы дамыған» дейді шебер. Қаздай тізілген көне самауырлардың да сыр саулауға болады. Ертедегі 16-17 ғасырда оңтүстік өлкеде көбірек қолданылған құмған самауырларды кездестірдік.
Осындай қыруар көне жәдігерді қалай сақтап отыр. Жасырмай ағамызға осы сұрағымызды қойдық. Ол кісі де тосылмады. «Темір бұйымдарды сақтау қолайлы. Ал кілемдерді сақтау қиын. Күйе түсуі мүмкін. Сондықтан оны дәрілейміз. Күннің көзіне жаямыз. Сыртқа шығарып қағамыз. Соның бәрін балаларым істейді. Бір ауыз сөз айт­пайды. Соған қуанамын» деп ризашылығын білдірді.

erm_2161-asli

МҰРАНЫ ҰРПАҒЫМА ҚАЛДЫРАМЫН

Әзірше ағамыз жеке коллекция­лық мұражайына ат қоюды ойластырмапты. «Орал Таңсықбаевтың жеке музейі немесе Әбілхан Қастеевтің музейі деп айтып жатады ғой жұрт. Сол секілді Берік Әлібайдың музейі деп атайтын шығармын. Әлі толық ойластырған жоқпын. Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында мамыр айында мұражайды толық ашамын. Әрине, ақылы түрде жұмыс істейді. Соған дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмын. Менің түпкі мақсатым – осы дүниелердің бәрі де келекшек ұрпағыма қалсын деп ойлаймын. Шайтан емеспіз. Өмірден біз де өтеміз. Болашақта ұрпақтарым әкемнің көзі деп асыл мұраларды қорғап, дәріптеп жүрсе, менің арманымның орындалғаны деп есептеймін» деп ой тоғытты зергер.
Бүгінде Қазақстанда көне жәді­герлер қалмаған. Біздегі бар дүниені кезінде Ресей мен Еуропа тасып әкеткен. Елімізге Түркіменстан, Өзбекстан және Қарақалпақстаннан оралған ағайындарда ата-бабамыз ұстаған заттар сирек болса да кездеседі.

Түйін:
Әлемге аты жайылған Третьяков галереясы туралы тамсанып айтамыз. Мәскеудегі аса ірі мемлекеттік музейге айналған орталықтың негізін белгілі көпес-меценат Павел Михайлович Третьяков қалаған. Несі бар, болашақта біз де Берік Әлібайдың музейі туралы мақтанышпен айтатын шығармыз.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

The post ӘЛІБАЙДЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ӘЛЕМІ appeared first on .

]]>
http://www.astana-akshamy.kz/alibajdyng-etnografiyalyq-alemi/feed/ 0
Көне де жаңа мереке http://www.astana-akshamy.kz/kone-de-zhanga-mereke/ http://www.astana-akshamy.kz/kone-de-zhanga-mereke/#respond Tue, 21 Mar 2017 12:20:54 +0000 http://www.astana-akshamy.kz/?p=44780

Categories:

Tags:

Наурыздың тарихы көне заманнан басталады. Әйгілі Александр Македонский өмір сүрген дәуірде де наурыз мерекесінің бар екендігін грек саяхатшыларының еңбектерінде айтылады. Қаһарман қолбасшының жанында жүрген тарихшылары ұлыстың ұлы тойын алғаш Самарқанда көріпті. Олар оны былай деп суреттейді. Бір қатарға 365 адам сары түстес киім киіп, екінші қатарға дәл сондай адам қара түсті киім киген. Сары түс ...

The post Көне де жаңа мереке appeared first on .

]]>

nauryz-2016-zhyl-0-kozhe-asli

Наурыздың тарихы көне заманнан басталады. Әйгілі Александр Македонский өмір сүрген дәуірде де наурыз мерекесінің бар екендігін грек саяхатшыларының еңбектерінде айтылады. Қаһарман қолбасшының жанында жүрген тарихшылары ұлыстың ұлы тойын алғаш Самарқанда көріпті. Олар оны былай деп суреттейді. Бір қатарға 365 адам сары түстес киім киіп, екінші қатарға дәл сондай адам қара түсті киім киген. Сары түс күнді бейнелесе, қара түс түнді бедерлеген. Ортада лаулап жанған от қойылған. Екі топтың мүшелері барабан соғып, керней тартып, отты үш рет айналып, бір-бірімен құшақтасып, табысып, оның арты думандатқан тойға ұласты деп жазады. Бір жылда 365 күн бар. Екі топтың бір-бірімен қарсы келгені күн мен түннің теңескенін білдіреді.

Еуропа да наурызды тойлаған

Тарихқа зерделеп үңілсек, көп деректерге қанық боламыз. Айталық, ұлы мерекені Еуропа да тойлаған. 1831 жылға дейін Англия жаңа жылды наурызда қарсы алып, ұлыс күнін бес күн думандатқан. Ұмытпасам, 1831 жылы ағылшындар елінде әйелдер партиясы құрылады. Сол партияның алғашқы құрыл­тайында «біз христиандық мерекеге оралуымыз керек» деп жаңа жылды қаңтарға көшірген. Ағылшындардың наурызды қай заманнан бастап тойлағаны туралы дерек қолымда жоқ. Ертеден келе жатқан дүние деп топшылаймын. Бірақ ұлы мейрамның дінге ешқандай қатысы жоқ.
Шығыс халықтары мен түркілер наурызды жыл басы деп санаған. Мәселен, гректер, армяндар, буряттар, шуваштар, тәжіктер, татарлар көнеден айтулы мерекені тойлаған. Гректер наурызды «патрих» деп атаған. Армяндар «навосар» деп әдемілеген. Тәжіктер «гүл наурыз» деп әспеттеген. Заманында наурыз халықаралық мереке саналды. Парсы жұрты да ұлыс күнін ұлықтаған. Олар бірнеше күн әр жерге от жағып, соған май құйған. Сумалақ деп аталған ұлттық көже дайындаған. Оны жеті ақ кесемен елге тарат­қан. Ескі киімді тастап, ескі шынаяқтарды сындырған. Бір-біріне гүл сыйлап, үй қабырғасына күн белгісін салған. Спорттық ойындар өткізген.
Біздің ата-бабамыз да наурызды ерекше қадірлеген. Наурызды амал айы деп бөлектеген. Амал дегеніміз, екі айдың тоғысуы деп айтқан. Оны бабаларымыз «амал жұлдызы» десе, арабтар «хамал» деп атаған. Қазақта жеті амал бар. Олар: айт тоғамы, қарашаның қайтуы, қыс тоқсан, киіктің матауы, үркердің батуы, күннің тоқырауы, қарашаның қары деген. Осының біреуі наурызға сәйкес келеді. Біздің бала күнімізде ұлыс күнін наурыздың он төртінен бастап тойлайтын. Ескіше көктемнің алғашқы күні. Үлкендер шелпек пісіріп, тәуір киімдерін киіп, үй аралайтын. Қыстан қалған сүрді қазанға салатын. Осы күнге қарап, алдағы ауа райын болжаған. Мәселен, қойдың құмалағы қарға батса, көктем ерте шығады, қарға батпаса, көктем созылады деп есептеген. Аталаларымыз 22 Наурызды күн мен түн теңесіп, жыл ауыс-ты деп дәріптеген. Сондықтан, бұл күнді өзгертуге болмайды. Әр нәрсе өз уақытымен болған жөн. Көне дәуірде ғұн патшалары ұлыстың ұлы күнінде тауға шығып, күнге құрбандық шалып, көктен шапағаты мол бата тілеген.

АҚМОЛАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ТОЙ

Ұзақ жылдар бойы салқын саясаттың салдарынан елімізде наурыз мерекесі тойланбады. Жариялықтың желі оңынан соққанда қызыл партияның көбесі сөгіле бастады. 1989 жыл. Целиноград атанып сіресіп тұрған кезіміз. Осы елдің бір топ ұлтжанды азаматтары бірігіп, облыстық партия комитетіне наурызды тойлауымыз керек деп талап қойдық. Сол кездегі партия комитетінің идеология хатшысы Мағауия Есмағамбетоваға кіріп, барлық жағдайды түсіндірдік. Бірақ облыс басшылары аса пейілді болған жоқ. «Баяғыда ұмытылған мереке, ұлтшылдықтың сарыны бар, қоя тұрыңыздар» деген әңгіме айтты. Біз де алған бетімізден қайтпадық. «Осыдан 5-6 мың жыл бұрын тойланып келе жатқан дәстүрлі мейрам. Оны кезінде кейбіреулердің теріс түсіндіруімен сіздер айтып отырған ұлтшылдық рең берілген. Содан тоқтатып тастаған» деп отырып алдық. Ақыры басшылар көнбейтін болғандықтан, ұлы мерекенің тарихын жазып көрсетейік деген ұйғарымға келдік. Дерекке үңілсек, біздің елімізде қазан революциясынан кейін 1923 жылдың ортасы мен 1930 жылға дейін наурыз мейрамы атап өтілген. Оның басында Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин секілді ардақты азаматтар жүрген. Одан кейін Түркі әлемі туралы тағылымдық дүниелер жазған Радловтың және тағы басқа тарихшы ғалымдардың еңбектерін тауып, соның бәрін мұқият ақ қағазға жазып алып келсек те, облыс басшылары селқостық танытты.
Содан енді біз осында беделді қызметте жүрген ақсақалдарға қолқа салдық. Облыста халықтық бақылау комитетінің төрағасы Молдахмет Досев деген қария болды. Кезінде Қажымұқан мен Әзденбай салды көрген, қазақтың ескі дүниелерін жинап жүретін, атбегілік қасиеті бар, серілеу кісі болатын. Сәкен Сейфуллиннің музейін ашуға атсалысып, асыл тұлғаға қатысты көптеген жәдігер­лерді тауып берген де – осы азамат. Одан кейін қаладағы пединститутта елдің дәстүрі мен әдебиетін жетік білетін Бекен Нұртазин ақсақал сабақ берді. Сол ағаларымызға жағдайды түсіндіріп айттық. Молдекең мен Бекен білек сыбанып, барлық шаруаға өздері кірісті.
Қысқасы, партия комитетінің беті бері қарап, облыстық деңгейде сол жылдың маусым айының басында наурызды атап өтетін болдық. Қызу дайындық басталып кетті. Тойдың бағдарламасын әзірледік. Комиссия құрылды. Ақындар айтысы, балуандар күресі, жыршы-термешілер сайысы, аламан бәйге дейсіз бе, бәрі де ұйымдастырылды. Наурыз тойланады дегеннен кейін аймақтағы барлық ұлтжанды азаматтардың бойында құлшыныс пайда болды. Бәрі де бір кісідей жұмылып кетті. Бүгінгі Тәуелсіздік және Бейбітшілік пен келісім сарайы тұрған жазық жерге елуден астам ақ шағаладай киіз тігілді. Сол кезде облыста он екі аудан бар. Солардың бәрі де тойға тас түйін дайындықпен келіп, айтарлықтай үлес қосты. Жерошақ қазылып, қазанда жылқының еті бұрқ-бұрқ қайнап жатты. Ақындар айтысы да көпшіліктің құмарын қандырды. Үлкен сахна құрылды. Алғашқы сөзді Молдахмет ағамыз алып, жұртшылыққа наурыз туралы танымдық ой айтып, батасын берді. Ешкім де мерекеден шет қалған жоқ. Келген адамдардың бәрі киіз үйдегі үлкен астан дәм татып, наурыз көже ішті. Шындығын айтқанда, той ауыз толтырып айтуға тұрарлық керемет дәрежеде өтті. Ұлттық рух көтерілді. Қорғалжын, Ерейментау, Сілеті, Бұланды аудандары тіккен ақ боз үйлер таңдаулы деген мәртебеге ие болды. Астрахан ауданының жігіті бас балуан атанды. Міне, бүгінгі бас қаламыздағы наурыз тойы осылай басталды. Одан кейін қалыптасқан дәстүрге айналды.

ҚЫДЫР БАБА МЕН ҰМАЙ АНА

Бүгінде қоғамда наурызды ұлттық мазмұнда өткізу туралы пікірлер жиі айтылады. Бұл жайында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты болып жүрген кезде өз ойымды білдірдім. Наурыз бен оның тарихы туралы айтқанда, алдымен Қыдыр баба мен Ұмай ана жайлы сөз қозғауға тиіспіз.
Қыдыр – қазақтың, сондай-ақ, басқа түркі тілдес халықтардың ерекше жарылқаушы қасиетке ие әулиесі. Ол күндердің күнінде «қырықтың бірі» болып жолығып, бағыңды жандырады. Сондықтан жүздескендердің бәрін кемсітпей, бөліп-жармай ілтифат көрсетуің керек. Қыдыр – бұл тұрғыда адам баласын өзара жарастырушы, алыс-жақынды табыстырушы киелі тұлға.
Ұмай ана – түркі тектестердің Хауа анадан соңғы ұлы анасы, әйел мен баланың пірі, мейірім-шапағат шуағын шашқан күн дидарлы әулиесі. Оған ата-бабаларымыз: «Жүрегімізді жылыта гөр, қатыгездік пен өшпенділіктен сақтай гөр» деп сыйынған.
Міне, осы екі әулие Наурыз күні алдында және той күні бала­бақшалардағы балдырғандар мен төменгі сыныптардағы жеткіншектерге сыйлық үлестірсе, баталарын беріп, игі тілек біл­дірсе, ұлттың ұлы мейрамы – нау­рыз мерекесінің тарихы мен ерекшеліктері жайлы әңгімелеп берсе, құба-құп емес пе?! Бұл алдағы уақытта дәстүрге айналса, бала жүрегіне Қыдыр бабаның киесі, Ұмай ананың мейірім шуағы дарымай ма? Ұлттық ұлағат пен тәлімге айналмай ма? Дәстүріміз бен салтымыз балдырғандарға әсерлі насихатталмай ма?! Аяз ата мен Ақшақар секілді бағзы замандарда түркі жұртының да өз кейіпкерлері болған. Қыдыр ата мен Ұмай ана рөлінде болмаса да, өтіп бара жатқан қысты қарияға теңеп, сол екеуінің бейнесін жасап, төрге отырғызған. Ұлыстың ұлы күнінде Қыдыр ата елдің алдына шығып, халыққа батасын берсе, қасында көктемдей жадырап ару қызымыз жүрсе, ол да сол елге гүлден шашу шашып, көңілімізді көркейтсе деген тілегімді айтқан едім. Мұны бәріміз бүгіннен бастап қолға алсақ, әдемі дәстүрге айналып кетер еді. Содан кейін мереке жайлы ән аз, түрлі деңгейдегі сахнаға арналған театрландырылған көріністер де тапшы. Соның бәрін кейінгіге қалдыра бермей, қолға алуымыз қажет.

Алдан СМАЙЫЛ,
Жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

The post Көне де жаңа мереке appeared first on .

]]>
http://www.astana-akshamy.kz/kone-de-zhanga-mereke/feed/ 0
АЛАШТЫҢ АРМАНЫ http://www.astana-akshamy.kz/alashtyng-armany/ http://www.astana-akshamy.kz/alashtyng-armany/#respond Tue, 21 Mar 2017 12:17:51 +0000 http://www.astana-akshamy.kz/?p=44777

Categories:

Tags:

Биыл – Алаш партиясы мен Алашорда ұлттық үкіметінің 100 жылдық мерейтойы. Ұлт тарихында орасан орны бар айтулы датаны назардан тыс қалдырмай, жоғары деңгейде атап өту парыз болса керек. Өйткені біздің бүгінгі Тәуелсіз ел болып отыруымыз дәл осы алаш арыстарының арманы емес пе еді? Ендеше, алаштың 100 жылдық мерейтойын назардан тыс қалдыруға әсте болмайды. 1917 жыл ...

The post АЛАШТЫҢ АРМАНЫ appeared first on .

]]>

3500-asli

Биыл – Алаш партиясы мен Алашорда ұлттық үкіметінің 100 жылдық мерейтойы. Ұлт тарихында орасан орны бар айтулы датаны назардан тыс қалдырмай, жоғары деңгейде атап өту парыз болса керек. Өйткені біздің бүгінгі Тәуелсіз ел болып отыруымыз дәл осы алаш арыстарының арманы емес пе еді? Ендеше, алаштың 100 жылдық мерейтойын назардан тыс қалдыруға әсте болмайды.

1917 жыл қазақ тарихы үшін ғаламат жыл болды. Өйткені Кенесары хан қайтыс (1847 жыл) болғаннан кейін 70 жыл өткен соң Алаш республикасы құрылды. Екі жыл, үш ай тәуелсіз ел болып тұрған мемлекет 1920 жылы Кеңес өкіметін мойындауға мәжбүр болды. Бірақ дәл осы алаш арыстары енді бір 70 жылдан кейін, яғни, 1991 жылы Қазақ елінің Тәуелсіз ел болуына негіз қалап кетті. Осы ретте сандардың сиқырына ерекше назар аударып өткен жөн сияқты. Себебі Әлихан Бөкейхан Алашорда үкіметінің тізгінін ұстағанда 51 жаста болса, ал Елбасы 50 жасында Тәуелсіз Қазақ елінің басшысы атанды.

ӘЗЕРБАЙЖАННАН НЕГЕ ҮЛГІ АЛМАЙМЫЗ?

Алаш арыстарына қандай құрмет көрсету керек деген сұрақ қойылған кезде әркім әр­түрлі ұсыныс айтады. Мәселен, ескерткіш орнатудан бастап, деректі және көркем фильм түсіру керек дегенге дейінгі ұсыныс-тілектер ортаға салынады. Сондай-ақ, мектеп пен көшеге алаш арыстарының атын беру туралы бастама көптен бері көтеріліп жүр. Мұның бәрі – негізді ұсыныстар. Алайда алаш арыстарына бұдан да жоғары деңгейде құрмет көрсетуге бола ма? Мысалы, әзербайжан мен армяндар 1918 жылдың 28 мамыр күні өздерінің тәуелсіздігін жариялап, Ресей империясынан іргесін бөліп шыққан болатын. Осы айтулы датаның құрметіне орай қос мемлекет 28 мамыр күнін Республика күні ретінде атап өтіп жүр.
– Әзербайжандар мен армян­дардың 28 мамырды Республика күні ретінде атап өтуі тарихи тұрғыдан алғанда, негізді және дұрыс болып саналады. Өйткені олар бүгінгі Тәуелсіз елді 1918 жылы құрылған мем­лекеттің тарихи жалғасы ретінде бағалап отыр. Біз де әзербайжандар мен армяндар сияқты 13 жел­тоқсанды Республика күні ре­тінде атап өтуіміз керек еді. Себебі 1917 жылғы 5-13 жел­тоқсан аралығында Орынборда ІІ-жал­пықазақ құрылтайы өтіп, Алашорда мемлекеті жария­ланды. Ал 1991 жылы құрылған тәуелсіз Қазақ мемлекеті 99 жыл бұрын жарияланған Алашорда мемлекетінің тарихи жал­ғасы болып саналады, 1991 жылы Тәуелсіздік бізге аспаннан сал­бырап түскен жоқ, – дейді Мәмбет Қойгелді.
Шыны керек, қазір жастар түгіл, біздің орта, аға буынның өзі Алашорда мемлекетін қоғамдық ұйым, ары кетсе, қоғамдық қоз­ғалыс ретінде ғана бағалап жүр. Алайда Әлихан Бөкейхан Алашорда үкіметінің премьер-министрі болды. Бұл дегеніңіз, Алашорда мемлекетінің өз тізгіні өз қолында болғанын білдіреді.

АЛАШ АЛЛЕЯСЫН АШУ КЕРЕК

Ал алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай еліміздің әр аймағында алаш аллеясын ашу керек деген пікірде. Мысалы, қазіргі еліміздің астанасынан бастап, Алаштың алғашқы астанасы болған Орынбор мен Семейге дейін «Алаш аллеясын» ашуға болады.
– Өйткені дәл осындай «Алаш аллеясы» Батыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аудандарында бар. Аудан орталығында ашылған осындай кешендердің Астанада салынбауы тіпті ерсі. Сондай-ақ, алаш арыстарының әрқайсысының еңбектерін жи­­нас­тырып, «Алашорда» көп­томдығы құрастырылуы қажет. Алашорда мемлекетінің 100 жылдығына орай алаш арыс­тарының 100 томдығын шығарсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Бұл алаш қайраткерлеріне жасалынған ең үлкен сыйлық болар еді. Сонымен қатар Алаш­орда кітапханасын ашып, оны керек-жарақтармен қамтамасыз етсек деймін, – дейді Тұрсын Жұртбай.
Сондай-ақ, ол алаш арыс­тарына Астанада, Семейде, Қызылордада, Мәскеуде, Омбыда, Петерборда, Орынборда, Саратовта ескерткіштер қойылып, көше аттары берілуі тиіс деген пікірде. Өйткені Әлихан Бөкейхан бастаған алаш арыстарының аталған қалаларда іздері сайрап жатыр.
– Біреу білер, біреу білмес, Семейде Әлихан Бөкейхан тұрған үй бар. Аталған ғимаратта арнайы мұражай жасасақ жөн болар еді. Өйткені ол үйде тек Әлихан Бөкейхан ғана емес, сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұхтар Әуезов сын­ды, тағы да басқа алаш қай­рат­керлері тұрған болатын, – дейді алаштанушы.
Айтпақшы, жуырда Мәмбет Қойгелді Алаш мұражайын ашу үшін өз қалтасынан 300 мың теңге беретінін айтқан еді. Қазіргі таңда арнайы есеп-шот ашылып, қаржы жиналып жатыр. Тарихшының айтуынша, үкіметке қарап жалтақтай бермей, әрбір азамат алаш тойына атсалысуы керек.

100 ЖЫЛДЫҚҚА 100 ТЕЛЕСЕРИАЛ ТҮСІРСЕК

Филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қам­забекұлы алашорда мерей­тойының мемлекеттік маңызы бар мереке, сондықтан да ол жалпыұлттық деңгейде аталып өтілу керек деген пікірде.
– Негізі, мерейтойдың мән-маңызын халыққа жете түсіндіру үшін алашты бұқаралық ақпарат құралдары кең көлемде насихаттауы тиіс. Мәселен, конференциялардан бөлек деректі және көркем фильмдер түсірілсе қандай тамаша болар еді. Тіпті, алаш тарихын қамтитын 100 жылдыққа 100 сериялы телетоптама түсірілсе, нұр үстіне нұр болар еді. Шынын айтқанда, осы уақытқа дейін Әлихан Бөкей­ханға жеткілікті деңгейде көңіл бөлген жоқпыз. Осы олқы­лық­тың орнын толтыру мақ­сатында Астана не болмаса Алма­­тыдағы үлкен университетке Әлекеңнің атын беру керек, – дейді алаштанушы.
Иә, Алаштың 100 жылдығына орай бұдан да басқа қыруар шаруа жасауға болады. Алайда әзірге ауыз толтырып айтатындай жағымды жаңалық болмай тұр. Жыл басында бұрынғы вице-премьер Иманғали Тасмағам­бетов Алматыдағы Ахмет Бай­тұрсынұлы мұражайына барып, алаштың 100 жылдығы жоғары деңгейде аталып өтіледі деп мәлімдеген болатын. Ол кісі Мәскеуге ауысқанымен, Үкімет орнында ғой. Ұлтын сүйген арыстар жоғары деңгейде ұлық­талады деген сенімдеміз.

Серік ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ

The post АЛАШТЫҢ АРМАНЫ appeared first on .

]]>
http://www.astana-akshamy.kz/alashtyng-armany/feed/ 0
Гүл шаһар http://www.astana-akshamy.kz/gul-shahar/ http://www.astana-akshamy.kz/gul-shahar/#respond Tue, 21 Mar 2017 12:15:11 +0000 http://www.astana-akshamy.kz/?p=44773

Categories:

Tags:

Астанаға алты айлық қыстан кейін күн шуағымен бірге көктем де келіп жетті. Демек, жақында шөп көктеп, гүл бүр жарып, айналамыз жасыл желек жамылады. Ал көшелерге ерекше көрік беретін гүл көшеттерін отырғызу жұмыстары бір айдан кейін басталады. «Астана ақшамы» газетінің тілшісі «Астана көгалдандыру» мекемесінің жылыжайына барып, дайындық барысын көріп қайтты. Әрбір тіршіліктің өз бастауы болады. Гүлде ...

The post Гүл шаһар appeared first on .

]]>

erm_9758-asli

Астанаға алты айлық қыстан кейін күн шуағымен бірге көктем де келіп жетті. Демек, жақында шөп көктеп, гүл бүр жарып, айналамыз жасыл желек жамылады. Ал көшелерге ерекше көрік беретін гүл көшеттерін отырғызу жұмыстары бір айдан кейін басталады. «Астана ақшамы» газетінің тілшісі «Астана көгалдандыру» мекемесінің жылыжайына барып, дайындық барысын көріп қайтты.

Әрбір тіршіліктің өз бастауы болады. Гүлде де солай. Оны қысы-жазы бағып-қағатын «Астана көгалдандыру» мекемесінің мамандары жақсы біледі. Италиялық машинаның көмегімен топырақты құрғақтай елейді, өңдеп, тазартады. Топырақ ұяшықтарға бөлінген жәшікке салынады. Тура сол жерде ол конвейер арқылы өтіп, әрбір ұяшыққа бір-бірден тұқым себіледі.
Әр гүлге ерекше күтім керек. Түрлі климаттық аумақта өскен гүлдер бір жерге шоғырланса да, олардың жайқалуы бір мезетте болмайды. Көбінесе, толықтай гүлдеп шығу үшін шамамен 60-70 күн кетеді.
«Астана көгалдандыру» кәсіп­орнына қарасты екі жылыжай кешені бар. Онда шырайгүл, барқытгүл, алиссум, виола, цинерария сияқты 85 түрлі гүл өседі.
Биыл елордадағы гүлзарлардың жалпы аумағы 163 мың шаршы метр жерді алады. Осы жылдың жаңалығы деп біржылдық гүлдердің санын азайтып, оның орнына көпжылдық гүлдердің көбейгенін айтуға болады. Оны сыры мынада: көпжылдық гүлдің түбі топырақта қалып қо­йып, өздігінен көбейе береді. Тамырын тереңдетіп алып, тұтас гүл көшеттерінің жамылғысын құрайды. Осылайша, бір-екі жылдан кейін біржылдық гүлге орын қалдырмауы мүмкін. Көпжылдық өсімдіктер өз құнын ақтайды. Себебі бір рет салынған гүл ұзаққа шыдайды. Үнемделген қаржы күтімге кетеді. Бірақ олардың бір ерекшелігі – біреуі мамырда бүршік атса, екіншісі айдың аяғында гүлдейді, ал біразы, тіпті, тамызда ғана көктейді. Біржылдық гүлдер бір мезгілде, бір мезетте жайнап, жайқалып шығады.
– Өкініштісі, Астананың климаттық жағдайына байланысты еңбегіміздің жемісі жаз айларында ғана көрінеді. Бірақ біздің мамандардың жұмысы жыл бойына жалғасатынын біреу білсе, біреу білмейді. Келесі маусымға дайындық желтоқсаннан басталып кетеді. Жылыжайды жылыту, гүлдерді зиянкестерден қорғау тәсілін ойластырамыз. Біздің бір көшеттегі гүл екіншісіне ұқсамауы тиіс. Биыл бір жерде ақ пен қызыл түсті гүл егілсе, келесі жылы ол жерге басқа гүл отырғызылады. Ал көпжылдық әдемі гүлдерді іздестіру мен іріктеп алу – өз алдына күрделі процесс. Көпжылдық гүлдердің тұқымын сырттан сатып алып, өзіміз өсіреміз. Былтыр Астананың қатаң топырақты-климаттық жағдайына көнген раушан гүлдерін Франциядан алдыртқан едік. Оларды «Әзірет Сұлтан» мешітінің жанында, «Жерұйық» саябағында, «Бәйтеректің» оң-сол жағында ектік, – дейді «Астана көгалдандыру құрылысы» АҚ басшысының бірінші орынбасары Бибігүл Бектемісова.
Жазда қай кезде барып қарасаңыз да, гүлдер түрлі түсті болып жерде жайқалып жатады. Гүл көшеттерінде қазақи ою-өрнектерімізді де байқауға болады. Топиарлық мүсіндер заманауи дизайнда кеңінен қолданыла бастады. Қала көшелерін кезіп жүрген адамның назарына бірден ілігеді. Тірі гүлден жасалатын мүсіндер жыл сайын ерекше дизайнмен жасалады. Жалпы саны 16 мүсін биыл да қаланың безендіруіне үлес қосады. Мәселен, Сарыарқа ауданына қарасты стадионның қасында «Футбол добы», ал Бараев көшесінде жерге құлап жатқан құмыра тұрды.
Гүл композицияларымен кә­сіпорынның ландшафтық дизайн бөлімі айналысады. Қыс кезінде шеберхана мамандары гүл көшеттерінің алдын ала жобасын дайындап, мүсіндердің үлгілерін әзірлейді, жазуын басады.
– Шығыс күнтізбесі бойынша 2017 жыл тауық жылы болғандықтан, осы жазда оған арнап гүлден жасалған мүсін тұрғызылады. Сондай-ақ, ағылшынша «I Astana» деген сөйлемді толықтай гүлмен көмкеріп шық­қымыз келеді.
Желтоқсаннан бастап ақпанға дейін қыс бойы гүлзарлардың эскизін саламыз. Әр жылға қайталанбас дизайн жасаймыз. Гүлдерден шырайгүл мен цинерарияны пайдаланып, айналасына ақ мәрмәрдің қиыршық тастарын төсейміз. Сондай-ақ, түрлі альпілік гүлдерден құралған қызыл-жасыл композиция да таспен қоршалады. Ескеру керек, альпілік гүлдер көпжылдық өсімдіктердің қатарына жатады. Топиарлық мүсіндер Германиядан жеткізіледі. Олар дайын күйінде қиылып келеді. Біздің қысқа шыдамайды, – деп Гүлден есімді дизайнер бізге жұмыстың бабын баяндап берді.
Жоспарға сәйкес, гүлден жасалған «Қобыз» мүсіні «Астана Опера» театрының маңында, «Торсық» – Сарайшық пен Мәңгілік ел көшелерінің қиылысында, ал «Текше» пішіні Керуен бойында орналасады. Раушан гүлдері «Хан Шатырдың» айналасына отырғызылып, ерекше көрік бермек.
Жалпы, Астананы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 800 адам жұмылдырылған. Сондай-ақ, мекемеде гүлді бағып-қағып, өсіруге көмектесетін 200-ге жуық қосалқы маман қызмет істейді.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Астана ақшамы»

The post Гүл шаһар appeared first on .

]]>
http://www.astana-akshamy.kz/gul-shahar/feed/ 0
Алты қабатты алып бекет http://www.astana-akshamy.kz/alty-qabatty-alyp-beket/ http://www.astana-akshamy.kz/alty-qabatty-alyp-beket/#respond Tue, 21 Mar 2017 12:12:26 +0000 http://www.astana-akshamy.kz/?p=44770

Categories:

Tags:

Астана қаласы күн өткен сайын дамып келе жатқандықтан, мұнда келетін халықтың қарасы қалың. Міне, осы елордаға шалғай өңірлерден келуші азаматтардың ең бірінші табан тірер жері – темір жол вокзалы. «ЭКСПО-2017» халықаралық ма­мандандырылған көрмесіне орай мамыр айының аяғында су жа­ңа темір жол вокзалы пайдала­ну­ға берілмек. Демек, Астана Алматы қаласынан кейін екі темір жол бекеті бар еліміздегі ...

The post Алты қабатты алып бекет appeared first on .

]]>

4a18c7c019aab2e65cedd53230283bb3_xl-asli

Астана қаласы күн өткен сайын дамып келе жатқандықтан, мұнда келетін халықтың қарасы қалың. Міне, осы елордаға шалғай өңірлерден келуші азаматтардың ең бірінші табан тірер жері – темір жол вокзалы.

«ЭКСПО-2017» халықаралық ма­мандандырылған көрмесіне орай мамыр айының аяғында су жа­ңа темір жол вокзалы пайдала­ну­ға берілмек. Демек, Астана Алматы қаласынан кейін екі темір жол бекеті бар еліміздегі екінші қа­ла болады. Жалпы көлемі 120 мың шаршы метр болатын нысанды ең соңғы технологиялар бойын­ша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ салып жатыр. Вокзалдың ұзынды­ғы 630 метр болса, ені 120 метрді құ­рай­ды, ал оның биіктігі 49,5 метр бола­ды.
– Жаңа темір жол бекеті күн сайын 35 мыңға жуық жолаушыларды күтіп алып, шығарып салады. Ал қазіргі вокзал тәулігіне небәрі 7 мың жолаушыны қабылдайды. Жобаның тағы бір ерекшелігі, жүрдек пойыздар алты қабатты бекеттің ішіне кіріп, жолаушыларға қызмет көрсетпек. Бұдан бөлек, автокөлікке арналған вокзалға кіреберісте 9,75 метрлік қабатта темір жол платформасы бар. Бұл – бекеттің алдында көліктер тығыны болмас үшін жасалып жатқан шаруа, – дейді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілі.
Алты қабатты темір жол вокзалы кешенінде барлық қызмет түрлері көрсетіледі. Мәселен, кешенде жүк қоятын орыннан бастап, асхана, медициналық қызмет көрсететін бөлім, автотұраққа дейін қарастырылған. Бұдан бөлек, жолаушыларға 24 сағат бойы қызмет көрсететін қонақүйлер пайдалануға беріледі. Ал халыққа қолайлы болуы үшін электрондық билет алу жүйесі мен жедел жұмыс жасайтын интернет іске қосылады.

ТЕМІР ЖОЛ – ЭКОНОМИКА ЛОКОМОТИВІ

Бұған дейін «Мыңжылдық» саябағының маңайында орналасқан Астана жаңа теміржол вокзалы аумағының даму тұжырымдамасы бекітілген болатын. Аталған жобаға тұрғын үй кешендері, бизнес орталықтар, қонақүйлер, мектепке дейінгі және мектеп ұйымдары кіреді. Бұдан бөлек, коммерциялық ғимараттардың ауданы – 656 032 шаршы метр, бизнес орталықтар 507 660 шаршы метр аумақты алады. Ал қонақ­үйлер, апартаменттер 304 375 шаршы метр аумақта орналасады. Ал тұрмыстық қызмет үшін 126 000 шаршы метр аумақ бөлінген.
Демек, жаңа темір жол вокзалы ашылғаннан кейін елорданың экономикалық жағдайы жақсарып, өркендей түседі. Экономист Сапарбай Жобаевтың айтуынша, вокзал кез келген аймақтың экономикалық өсуіне бірден-бір түрткі болады.
– Мәселен, кезінде Алматыдағы ескі темір жол вокзалы жолаушылар мен жүк тасымалдауға жетпей, белгілі бір деңгейде кедергі келтірген еді. Алматы елдің орталығы болғаннан кейін талапқа сай әрі халыққа күндіз-түні қызмет көрсететін екінші вокзал салу өте маңыз­ды болатын. Сол сияқты елордада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетіндіктен, мұнда үлкен бекеттің болғаны – құптарлық дүние. Өйткені Астана елдің орталығы болғаннан кейін, темір жол бекетінің халықаралық талаптарға сай болғаны абзал. Оның үстіне аталған нысан Астананың ғана емес, сонымен қатар күллі еліміздің экономикасының дамуына әсер етеді, – дейді экономист.
Бүгінде әлемде жүк тасымалдау­дың бірнеше түрі жақсы дамып отыр. Айталық, автомобиль мен ұшақ және кемемен жүк тасымалдау жақсы жолға қойылған. Бірақ та экономикасы дамыған мемлекеттер әлі күнге дейін темір жол бекетіне негізгі басымдықты беріп отыр. Себебі экономиканың дамуы темір жол қызметінің сапалы болуына байланысты.

ТУРИСТЕР КӨБЕЙЕ ТҮСЕДІ

Бұған дейін де Астанаға елімізден және шет елден қонақтар келіп, саяхаттағанды жақсы көретін еді. Жаңа темір жол вокзалы пайдалануға берілгеннен кейін, туристердің саны одан сайын арта түсетін болады. Ал туристердің Астана қаласына ат басын бұрып, аялдауы елорда экономикасына қалай әсер етеді?
– Байқауымша, жаңа темір жол вокзалы, негізінен, жолаушылар үшін жұмыс жасайды. Демек, елорданың туризмі бұған дейінгі кезеңдермен салыстырғанда айтарлықтай арта түседі. Өйткені отандық және шетелдік қонақтардың Астанаға келіп, қыдырып кетуіне қолайлы жағдай туып отыр. Оның үстіне елорда алты жолдың торабында орналасқандықтан, Астананың іргесінде орналасқан өңірлерде айтарлықтай экономикалық өсім байқалады. Өзге өңірлермен салыстырғанда Астананың туризмі жоғары деңгейде дамып жатыр. Ал жаңа вокзал ашылғаннан кейін туристердің саны одан сайын артып, қала қазынасы көбейе түседі, – дейді Сапарбай Жобаев.
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне келетін қонақтар Астанаға ғана емес, сонымен қатар еліміздің өзге де өңірлеріне барғысы келетіні – белгілі жайт. Міне, осы қонақтар жаңа вокзал арқылы еліміздің кез келген аймағына сапарлай алады. Сондықтан да соңғы кездері жедел жүретін пойыздардың саны артып келе жатыр.

Жалпы көлемі 120 мың шаршы метр болатын темір жол бекеті ең соңғы технологиялар бойынша салынып жатыр. Вокзалдың ұзынды 630 метр болса, ені 120 метрді құрайды, ал нысанның биіктігі 49,5 метр болады 

ПОЙЫЗДАР ЖИІ ЖҮРСЕ

Жасыратыны жоқ, елімізде әлі күнге дейін баяу жүретін пойыз­дар бар. Осындай пойыздардың кесірінен отарбаға деген елдің ойы бұзылып, әртүрлі әзіл әңгімелер айтылып жүр. Алайда қанша сынағанымызбен, жүрдек пойыздың қызметіне жүгінбей тағы тұрмаймыз. Экономист темір жол саласындағы кемшіліктерге бірнеше мәселе себеп болып отырғанын айтады. Соның бірі ұлан-байтақ жерімізді жалғайтын төте жолдың болмауы болып отыр.
– Еуропа елдерінде халықтың басым бөлігі пойызбен жүргенді қош көреді. Мәселен, қаланың сыр­тында тұратын халықтың жұмысқа барып-келуіне ыңғайлы жағдай жасалған. Өкінішке қарай, біздің елде әлі де болса бұл мәселе ақсап тұр. Мысалы, мереке қарсаңында Қытайдың темір жол вокзалында әр бес минут сайын пойыз жолға шығып отырады. Ал Швейцария мемлекетінде оқыған кезімде әр 10 минут сайын пойыз жүретін еді. Біздің еліміздегі пойыздар, өкінішке қарай, күніне 20-30 рейс қана жұмыс жасайды. Еуропа елдері мен Америкада пойыздың бармайтын жері жоқ. Ал еліміздің жер көлемі үлкен болғаннан кейін, дәл аталған мемлекеттердей темір жол салу қиын шығар, – дейді экономист.
Алайда ол соңғы 20-25 жылдары еліміздің біраз аймағында жаңадан темір жол салынып, Ақтөбеден Қостанай қаласына төте жолмен баруға мүмкіндік жасалды. Әйтсе де, Орал қаласына Ресей арқылы кірмейтіндей темір жол салсақ, нұр үстіне нұр болар еді деген пікір де айтылады. Ал өткен жылы «Жезқазған-Сексеуіл-Қызылорда» бағытында қатынайтын жолаушылар пойызы іске қосылды.
Бұрын Жезқазғаннан шыққан пойыз Қарағанды, Сарышаған, Шу одан әрі Шымкент пен Түркістан арқылы Қызылордаға екі жарым тәулікте жететін. Ал жаңа жол одан әлдеқайда қысқа. Нақтырақ айтсақ, Қарсақбай, Қоскөл, Сексеуіл, Қазалы сынды елді мекендерден өтіп, соңғы нүктеге 24 сағатта апарады.

Бүгінде «Өзен жағалағанның өзегі талмайды» деген сөздің орнын темір жол басты. Себебі темір жол бекетін бетке алған адамның аштан қатып, көштен қалмайтыны белгілі бола бастады. Осы есеппен алсақ, елордада ашылғалы жатқан темір жол вокзалы көп адамға жұмыс табуға мүмкіндік береді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, темір жол бекетін жағалаған халықтың жағдайы жаман болмайды.

Серік ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ,
«Астана ақшамы»

The post Алты қабатты алып бекет appeared first on .

]]>
http://www.astana-akshamy.kz/alty-qabatty-alyp-beket/feed/ 0
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР Президенті: Наурыз мызғымас бірлігіміз бен ынтымағымызды көрсетеді http://www.astana-akshamy.kz/nursultan-nazarbaev-qr-prezidenti-nauryz-myzghymas-birligimiz-ben-yntymaghymyzdy-korsetedi/ http://www.astana-akshamy.kz/nursultan-nazarbaev-qr-prezidenti-nauryz-myzghymas-birligimiz-ben-yntymaghymyzdy-korsetedi/#respond Tue, 21 Mar 2017 10:49:42 +0000 http://www.astana-akshamy.kz/?p=44764

Categories:

Tags:

Ұлыстың үлы күніне арналған дүбірлі думан еліміздің барлық өңірінде тойлануда.  Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Сарыарқа» велотрек сарайында өткен «Наурыз – жаңа белес, жаңа өрлеу» атты мерекеде барша қазақ елін әз-Наурыз мерекесімен құттықтады. «Бұл бабаларымыздың бағзы заманнан бері тойлап, бізге қалдырған аманаты, бізге  бірлік пен ынтымақтың жолы болсын деген тілеуі.  Жақсылық пен келісімнің, жаңару мен жаңа ...

The post Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР Президенті: Наурыз мызғымас бірлігіміз бен ынтымағымызды көрсетеді appeared first on .

]]>

erm_2493-asli

Ұлыстың үлы күніне арналған дүбірлі думан еліміздің барлық өңірінде тойлануда.  Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Сарыарқа» велотрек сарайында өткен «Наурыз – жаңа белес, жаңа өрлеу» атты мерекеде барша қазақ елін әз-Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Бұл бабаларымыздың бағзы заманнан бері тойлап, бізге қалдырған аманаты, бізге  бірлік пен ынтымақтың жолы болсын деген тілеуі.  Жақсылық пен келісімнің, жаңару мен жаңа күннің символы. Осы кезден бастап күн ұзарып, түн қысқарып, жарық сәулесі жерге  түсіп, аязды қуалап, көктемді әкелудің басы болып саналады. Наурызда халқымыз жиналып, бұлақтардың көзін ашып, жасыл-желек отырғызып, болашаққа көз тігетін болған. Наурыз көже жасап, ағайын-туыс, көршілер бір-бірімен қатынасып, дәм татып,  болғанды еске түсіріп, ренжігендер бір-бірінен кешірім сұрап,  көрісіп,  қауышып, бір-біріне сүйіспеншілік көрсететін болған» деді Елбасы.

Рухани тілеудің ақжарма мейрамында  күн астынан нұр төгіліп,  жерге алтын дән себілетін айтқан Президент ел-жұрттың көңілінде жаңа үміт пайда болып,  ертеңгі күнге сенім нығаятынын алға тартты.

erm_2127-asli

«Шынын айтқанда,  біздің жаңа жылымыз, шығыстың да, қазақтың да осы күн болып табылады. Мыңжылдықтардан жалғасып, өзгермей келе жатқан  заңдылық биыл  сол бағытынан жаңылған жоқ.  Бұл мереке ұлт пен дінді талғамайды. Ортақ  мейрам халыққа. Мызғымас бірлігіміз бен ырысты ынтымағымызды көрсететді. Жаратылыс атауы жаңғырып,  керемет күнде жақсы тілекте болайық» деген Елбасы ағайынға арнаған ақ тілегін одан әрі жалғай түсті.

Айтуынша,  биылғы наурыз өткен жылдың аяғында ел болып атап өткен  тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді.

« Біз ата-бабамыздың қағидаларын орындай отырып, бірлік пен берекеден жаңылмаған халықпыз. Соның арқасында тәуелсіздігімізді түгендеп, барлық жетістіктерге жеттік.  Ғасырға татитын 25 жыл ішінде күрес пен қуанышқа толы жылдарда халқымыздың еңсесін көтеріп, қазақтың туын жоғары ұстап келе жатырмыз» деген Елбасы халықтың тұрмысын жақсарту жолында қолға алынған үшінші жаңғыру бағдарламасы туралы ерекше атап өтті.  Конституцияның өзгерісі елдің болашағының тұрақтылығы үшін жасалған болашаққа деген үмітіміз екенін жеткізді.

«Киелі тәуелсіздігімізден бастау алатын барша  құндылықтарымызды бекемдей түстік.  Елдігіміз таразыға салынған осынау заманда береке –бірлігімізді ешуақытта жоғалтпайық.  Еліміз жаңа белеске көтерілу үшін, үшінші жаңғыруды орындау үшін  барлығымыз бір адамдай болып жұмыс істеуіміз керек» деп түйіндеді өз сөзін.

Мерекелік шара одан әрі отандық өнерпаздардың қатысумен өткен меркелік концертке ұласты. Наурыз мейрамы мен көктемнің жаңаруын паш ететін түрлі сахналық қойылымдар көрсетіліп, Арқа, Жетісу, Сыр өңірі мен бастыстың дәстүрлі ән мектебінің әуендері шырқалды.  Дүбірлі думанның жалғасы «Ханшатыр» ойын-сауық алаңында орналасқан этно-ауылда  жарасымды жалғасын тапты.

 

The post Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР Президенті: Наурыз мызғымас бірлігіміз бен ынтымағымызды көрсетеді appeared first on .

]]>
http://www.astana-akshamy.kz/nursultan-nazarbaev-qr-prezidenti-nauryz-myzghymas-birligimiz-ben-yntymaghymyzdy-korsetedi/feed/ 0
ЖЫЛДЫҢ ЖАРҚЫН БЕЛЕСІ – «ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІ http://www.astana-akshamy.kz/zhyldyng-zharqyn-belesi-ekspo-2017-kormesi/ http://www.astana-akshamy.kz/zhyldyng-zharqyn-belesi-ekspo-2017-kormesi/#respond Tue, 21 Mar 2017 10:29:13 +0000 http://www.astana-akshamy.kz/?p=44761

Categories:

Елорда төрінде өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуына небәрі 80 күн қалды. Қазіргі таңда ұйымдас­тыру жұмыстары аяқталып, 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйымның қатысатыны мақұлданды. 100-ден астам елмен келісімшарт жасалып, 82 елдің ұлттық күні белгіленді. Туристерге тартымды жоба Жуырда әлемге танымал «The New York Times» басы­лымы 2017 жылы баруға болатын елдер тізіміне Астана қаласын қосыпты. Басылым сая­хаттанушыларға ...

The post ЖЫЛДЫҢ ЖАРҚЫН БЕЛЕСІ – «ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІ appeared first on .

]]>

aaa89336041d8fd2d7e46b8b6fdc79a0_l-asli

Елорда төрінде өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуына небәрі 80 күн қалды. Қазіргі таңда ұйымдас­тыру жұмыстары аяқталып, 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйымның қатысатыны мақұлданды. 100-ден астам елмен келісімшарт жасалып, 82 елдің ұлттық күні белгіленді.

Туристерге тартымды жоба

Жуырда әлемге танымал «The New York Times» басы­лымы 2017 жылы баруға болатын елдер тізіміне Астана қаласын қосыпты. Басылым сая­хаттанушыларға мешін жылы назар аударуға кеңес берген 52 ба­ғытты анықтаған. Соның ішінде елімізде өтетін «ЭКСПО-2017» халықа­ралық мамандандырылған көрмесі рейтингте 26 орында тұр. Онда көрменің тақырыбы «Болашақ энергиясы» екені айтылып, соңғы жылдары ашылған таңғажайып мейманханалардың көптігін сөз еткен.
Жалпы, көрмені жоғарғы деңгейде ұйымдастыру үшін «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыру мен өткізу сұрақтарына арналған заң қабылданды. 8 наурыздан бастап барлық облыс орталықтарында ресми билет кассалары өз жұмысын бастады. Арнайы билет бағдарламасы, келушілердің қауіп­сіздігін қамтамасыз ету, медициналық көмек, сондай-ақ, халықаралық даму мәселелері күн тәртібінде пысықталуда.

Әлем павильондарының әлеуеті

Мәселен, халықаралық көрмеге қатысушы Австрия 870 шаршы метрге өз павильонын орналастырады. Адамдардың өзі іске қосатын павильон техникалық музей іспетті. Энергияны қарапайым тілмен түсіндіру үшін оған түрлі ойын түрлерін қосқан. «ВWM» сәулетшілері жеңіп алған бұл жоба «Австриялық қуат машинасы» деп аталады.
Ал француздар ауданы 1069,1 шаршы метр павильонға ие болған. Оған «Жасыл» өсім ба­ғы­тындағы энергетикалық бұры­лыс» деген атау беріпті. Тақы­рып аясында жасыл энергетика саласындағы жетістіктерін көрсетеді. Оның ішінде болашақтың қаласы, жаңартылған энергия және экологиялық көлік түрлерін кеңінен таңдаған.
Күні кеше Қытай да өз павильондарын салтанатты түрде қабылдап алды. Тақырыбы – «Болашақ энергиясы. Жасыл жібек жолы». Осылайша, дәстүрлі энергия көздерін жаңғырмалы энергия көздеріне ауыстыру, қоршаған ортаны қорғау сияқты маңызды мәселелерді алға тартпақ. Тауарлардан гөрі электр қуаты мен ядролық энергия саласындағы жаңа технологияларды көрсетуді мақсат тұтады.
Венгрия павильоны «Болашақ энергиясы бізді біріктіреді» деп аталады. Қолжетімді энергия көздерінің географиялық және экономикалық ерекшеліктеріне сүйенген. Электр және қала жобалау саласындағы жаңа қондырғыларын таныстыруды көздеп отыр.
Немістерге бөлінген павильон ауданы 1249,5 шаршы метр­ді құрайды. Оған «Энергияға апарар жолда» деген тақырып
қойған.
Ал өзіміздің Қазақстан павильонына келсек, 5 мың шаршы метр аумақта ұлттық павильон болады. Павильон «Қазақстанмен танысу» және «Жасампаздық энергиясы» атты екі басты аймаққа бөлінеді. Павильонның бірінші бөліміне ландшафт, мәдениет, тарих, Қазақстанның өткені мен болашағы туралы қойылады. Мамандар «Жасампаздық энергиясы» аймағының контентін қалыптастыру жұмыстары Энергетика министрлігімен бірлесіп жасалды дейді. Көрмеге отандық ғалымдардың үздік жобалары, Елбасының энергетика және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы бастамалары, «Жасыл экономиканың»
республика аймақтарында жемісті жүзеге асырылған жобалары қойылатын болады.

Ұлттық күндер ұлықталады

ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын кез келген мемлекет ұлттық күндерін тойлайды. Сол күні олардың мәдени іс-шаралар мен қайталанбас шоу өткізуге мүмкіндіктері бар. Ұлттық күндер бағдарламасында ұлттық туды көтеру және мемлекеттік әнұранды орындау, ресми тұлғалардың баяндамаларын тыңдау, суретке түсу, қонақтар кітабына тіркеу секілді рәсімдер енгізілген. Шараның шарықтау шегінде қатысушы-мемлекеттің мәдениеті кеңінен таныстырылады. Атақты әртістердің қатысуымен өтетін
мерекелік концерттер, Амфитеатр, Энергия холлы, Конгресс немесе Өнер орталығында өтеді. Күллі алаң жоғары техникалық деңгейде жарақталады.
Сонымен қатар, негізгі концерт алаңдарында дүние жүзіне әйгілі Дю Солей циркінің қойылымдарын тамашалауға, Луна-саябаққа баруға, этно-қалашықта ұйымдастырылатын қолданбалы өнермен, ұлттық ойындар және әдет-ғұрыппен танысуға, ұлттық дәмнен ауыз тиюге мүмкіндік беріледі.
Сонымен, маусым-қыркүйек айлары аралығында өтетін шара барысында елордада дүниенің төрт бұрышынан келген елдердің мәдениеті тоғысқан күн ретінде де есте қалатын болады.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ,
«Астана ақшамы»

The post ЖЫЛДЫҢ ЖАРҚЫН БЕЛЕСІ – «ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІ appeared first on .

]]>
http://www.astana-akshamy.kz/zhyldyng-zharqyn-belesi-ekspo-2017-kormesi/feed/ 0
НҰРГҮЛ – «ҚАЗАҚ АРУЫ» http://www.astana-akshamy.kz/nurgul-qazaq-aruy/ http://www.astana-akshamy.kz/nurgul-qazaq-aruy/#respond Tue, 21 Mar 2017 10:26:43 +0000 http://www.astana-akshamy.kz/?p=44758

Categories:

Бейбітшілік және ке­лісім сарайында «Қазақ аруы» сұлулық байқауының финалы өтті. Байқауға еліміздің ең әдемі деген 16 қызы қатысты. Олар 600-ден аса қыздардың ішінен іріктеліп шыққан хас сұлулар болатын. «Қазақ аруы» байқауы елімізде алты жылдан бері дәл осы наурыз айында өтіп келе жатыр. Байқау­дың шарты бойынша үміткерлер міндетті түрде қазақ тілін білуі керек. Сондай-ақ, қыздар қазақтың ...

The post НҰРГҮЛ – «ҚАЗАҚ АРУЫ» appeared first on .

]]>

img_2823-19-03-17-21-56-asli

Бейбітшілік және ке­лісім сарайында «Қазақ аруы» сұлулық байқауының финалы өтті. Байқауға еліміздің ең әдемі деген 16 қызы қатысты. Олар 600-ден аса қыздардың ішінен іріктеліп шыққан хас сұлулар болатын.

«Қазақ аруы» байқауы елімізде алты жылдан бері дәл осы наурыз айында өтіп келе жатыр. Байқау­дың шарты бойынша үміткерлер міндетті түрде қазақ тілін білуі керек. Сондай-ақ, қыздар қазақтың әдебиеті мен тарихын және де салт-дәстүрлерін жете білуге міндеттелген. Осы талаптардан сүрінбей өткен 16 қыз «Қазақ аруы» байқауына қатысуға мүмкіндік алды.
Қазылар алқасының төрайымы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова болса, ал оның құрамына жобаның продюсері әрі идея авторы Баян Есентае­ва, тележурналист Айгүл Мүкей, дизайнер Аида Қауменова кірді. Сондай-ақ, Астана қаласының Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, әртіс Ерік Жолжақсынов, тележүргізуші Динара Сәтжан, ақын Қалқаман Сарин, әнші Бүркіт және «Қазақ аруы-2016» байқауының бас жүлдегері Альмира Ахатова қазылық етті.
Қазылар алқасының шешімі бо­йынша батысқазақстандық Нұргүл Асанова жеңімпаз атанды. Бірінші орынды қызылордалық Зухра Сайпи, екінші орынды Ақтөбе облысының тумасы Гүлжанат Жұмажанова иемденді. Ал үшінші орын қарағандылық Әйгерім Орынбековаға бұйырды.

The post НҰРГҮЛ – «ҚАЗАҚ АРУЫ» appeared first on .

]]>
http://www.astana-akshamy.kz/nurgul-qazaq-aruy/feed/ 0
САЛТ-ДӘСТҮР САЛТАНАТЫ http://www.astana-akshamy.kz/salt-dastur-saltanaty/ http://www.astana-akshamy.kz/salt-dastur-saltanaty/#respond Tue, 21 Mar 2017 10:24:53 +0000 http://www.astana-akshamy.kz/?p=44755

Categories:

Астана қаласы әкімдігінің «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы Наурыз мерекесін атап өтті. «Қош келдің, Наурыз» атты мерекелік шарада салт-дәстүріміз салтанат құрып, әннен шашу шашылды. Орталық директоры Кенжеболат Сапаровтың айтуынша, «Шапағатта» 26 жастан бастап 95 жасқа дейінгі 295 азамат тұрады. Олардың ішінде Екінші дүниежүзілік соғыс пен еңбек ардагерлері және де мүмкіндігі шектеулі жандар бар. – Біз ...

The post САЛТ-ДӘСТҮР САЛТАНАТЫ appeared first on .

]]>

kbb_2230-asli

Астана қаласы әкімдігінің «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы Наурыз мерекесін атап өтті. «Қош келдің, Наурыз» атты мерекелік шарада салт-дәстүріміз салтанат құрып, әннен шашу шашылды.

Орталық директоры Кенжеболат Сапаровтың айтуынша, «Шапағатта» 26 жастан бастап 95 жасқа дейінгі 295 азамат тұрады. Олардың ішінде Екінші дүниежүзілік соғыс пен еңбек ардагерлері және де мүмкіндігі шектеулі жандар бар.
– Біз бұл жолы Ұлыстың ұлы күнін сайыс түрінде ұйымдастырғанды қош көрдік. Өйткені қазақ халқы бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл болып тойлаған. Осыны ескере келе, біз Астананың іргесіндегі Талапкер, Қараөткел, Қабанбай, Ақкөл және Қорғалжын ауылдарын қамтып, олардың тұрғындарын өзара жарыстырдық, – дейді орталық директоры.
Байқау үш кезеңге бөлініп, бес ауылдың тұрғындары өнерлерін ортаға салды. Бірінші кезеңде салт-дәстүр түрлері көрсетілсе, екінші кезеңде музыкалық қойылым ұсынылды. Ал үшінші кезеңде байқауға қатысушылар әртүрлі ұлттық тағамдарды дайындап, қазылар алқасын тәнті етті.

The post САЛТ-ДӘСТҮР САЛТАНАТЫ appeared first on .

]]>
http://www.astana-akshamy.kz/salt-dastur-saltanaty/feed/ 0
Ғаламат ұлағат http://www.astana-akshamy.kz/ghalamat-ulaghat/ http://www.astana-akshamy.kz/ghalamat-ulaghat/#respond Fri, 17 Mar 2017 16:31:44 +0000 http://www.astana-akshamy.kz/?p=44749

Categories:

Tags:

Адам мұраты мен адамшылық жол-білім мен білікке, өмір өнегесіне, тәлім-тәжірибе негізіне әкеліп саяды. Бұл, әсіресе, өмір тағылымы мол, еңбекпен есейген, білім-ғылым нәрімен сусындаған, қалың көптің алғысына бөленген өнегелі жандар табиғатына тән болып келеді. Осы реттен келгенде, академик Серік Қирабаевтың адами әле­мі­нен, біліми бағыттарынан, ғылыми Һәм шығармашылық мұрасынан айқын аңғары­латын айрықша құбылыс­тардың бірі Алаш ұранды жұртының ...

The post Ғаламат ұлағат appeared first on .

]]>

serik-kirabaev-2-asli

Адам мұраты мен адамшылық жол-білім мен білікке, өмір өнегесіне, тәлім-тәжірибе негізіне әкеліп саяды. Бұл, әсіресе, өмір тағылымы мол, еңбекпен есейген, білім-ғылым нәрімен сусындаған, қалың көптің алғысына бөленген өнегелі жандар табиғатына тән болып келеді. Осы реттен келгенде, академик Серік Қирабаевтың адами әле­мі­нен, біліми бағыттарынан, ғылыми Һәм шығармашылық мұрасынан айқын аңғары­латын айрықша құбылыс­тардың бірі Алаш ұранды жұртының біртұтас мұраты мен руханиятын, көркемдік әлемін зерттеу еңбектерінің асыл арнасы, басты арқауы етуі еді.

Ол, әсіресе, орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарында, біліми-ғылыми бағыттардағы іргелі ізде­ністерінде, маңызды мақала мен зейінді зерттеулерінде кең көлемде көрі­ніс береді. Тақырыпты кең түрде ашып, із­деніс ар­наларын алуан салысты­руларға құрып, маңызды бағыттарға мән беріп, біліми-ғылыми талдаулар жүргізіп, асыл сөздің жанр жүйесіне, қаһарман болмысына, көркемдік құпиясына еркін еніп, эстети­калық құндылықтар мәйегіне, мәтін құрылымына, тілдік-стильдік құбылыс­тарға зор маңыз беріп, жіті ден қояды. Байыпты бағалау мен талдаулар жасайды.

… Ұлт мұратын ұлықтады

Академиктің өмір мұраты мен іргелі еңбектерінің тұтас табиғатынан ұлттық құндылықтар қайнары, қазақ рухания­тының маңызды мәселелері айқын аңғарылады. Алаш мұраты мен оның қайраткер-қаламгерлерінің шығар­ма­шылық мұрасы, кеңестік кезең тұсын­дағы сөз өнерін қарастыру, қазіргі әдеби үдерістің түйінді тұстарын баяндау мен бағалау, тану мен талдау, саралау мен салыстыруларға арқау етіледі.
Орта және жоғары мектепке арналған оқулықтар мен оқу құралдары, «Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің» қысқаша очеркі, «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты көп томдықтың // кеңес дәуірі // Жалпы редакциясын басқаруы – ұлт пен ұрпақ алдындағы адалдық пен жауапкершіліктің, ғылым мен ғалымдықтың көркем де шынайы үлгісі, бедерлі белгілерінің бірі.
Сондай-ақ, ұлттық әдебиеттану мен сынның өзекті мәселелері, ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің әр кезеңіне арналған әдеби-ғылыми зерттеулер, мәдени мұра мен оны оқыту жайы, қазіргі айтыстың тарихы мен тағылымды тұстары, білім-ғылым жүйесі, елдік-ерлік сипаттары кең көлемде ашып, кешенді түрде қарастырады. Артық-кем тұстарына тоқталып, оның арғы-бергі сипаттарын айқындап, өзекті мәселелерін қазіргі кезеңнің талап-тілектері тұрғысынан ба­йыпты бағалайды.
Академиктің есімі мен еңбегі қалың көпке, орта және жоғары мектеп жүйе­сінде жүргендіктен баршасына таныс һәм өмір мұраты мен ұстанымы, көзқарасы мен қолтаңбасы, тақырыпқа адалдығы мен еңбекқорлығы, табандылығы мен тұрақтылығы тұрғысынан да ардақты әрі аяулы. Адами әлемі, ұстаздық һәм ғалымдық қырлары да мәнді.
Ардақты азаматтың еңбектеріне жас кезімізден-ақ қанық болсақ та, көріп, кездесіп, қатар қызмет ету менің үлесіме 1980 жылдардың соңында тиіпті. Қызметте адал, еңбекте талапшыл ғалым-сыншы сырт көзге лезде-ақ емін-еркін араласып, емен-жарқын жүздесіп, ескі достай кездесіп-қауышатын, сосын-ақ әңгіме тиегін бүкпесіз де еркін, ағыл-тегіл ағытатындардың «қатарында» көрінбегенімен, белгілі бір мәселе, тақырып-тапсырма тұсында немесе төл әдебиеттің жалпы мәселелері туралы талқылау, сұхбаттарда адалдығы, іскерлігі, тазалығы танылып тұрады. Өзіндік көзқарас эволюциясы айқын, таным-талғамы терең екендігін аңғару да көп қиындық туғызбайды. Әсіресе, кеңестік кезең тұсында туған қазақ әдебие­тінің даму бағыттары, жекелеген ақын-жазушылар мен олардың өмірі, шығарма­шылығы, сөз өнері жанрларының өзіндік белгі-ерекшеліктері, көркемдік-идеялық нысанасы туралы ой-пікір, толғамдары дерек-дәйегімен, талдау мәдениетімен, таным тереңдігімен ден қойғызар еді.
Біздіңше, бұл бағыттағы ізденіс, еңбектердің қай-қайсысынан да байыпты барлау, терең де тиянақты талдау, жүйелі зерттеу мен зерделеудің әр алуан үлгілі үрдістерін, өрнекті өнегелерін айқын аңғаруға болады. Ортақ белгі-ерекшеліктер ретінде айтарымыз: қай­сыбір мақала, зерттеу еңбектері мен оқулықтардан тақырыпқа адалдық айқын аңғарылады. Жан-жүрекпен сезініп, көңілі қалаған тақырыпты танып-біліп жазатыны, талап пен талғамды тең ұстайтыны терең танылады. Көзқарас пен қолтаңбадан да ортақ, үндес жайттар көптеп кездеседі. Мұның ұлт мұратын ұлықтау тұстарында, сөз өнерінің арғы-бергі кезеңдерін айқындау сәттерінде, танымал тұлғалардың өмірі мен қызметін, шығармашылық мұраларын танып-тал­даған кезде көкейкестілігі аңғарылып, зәрулігі мен өзектілігі артатыны анық.

… Алаш арыстарын ардақтады

Көрнекті ғалымның шығармашы­лы­ғында, әсіресе, «ақтаңдақ әлем» сыр­лары мен ұлттық-азаттық күресті, халықтық мұрат-мүддені, дербестік-тәуелсіздікті аңсаған Алаш арыстарын ардақтауға арналған зерттеу еңбектері («Қазақтың тұңғыш революционер-
демократтары», «Ақжолтай Ағыбай батыр – ұлт-азаттық қозғалысының қаһарманы», «Абайтанудың кезекті міндеттері», «Же­ңістер мен қателіктер сабағы» секілді мақалалар мен «Жүсіпбек Аймауытов», «Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері», «Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет» кітаптары, т.т.) ерекше маңызға ие деп білеміз. Нақтырақ айтсақ, «Жазық­сыз жазаға ұшырап, республикада оты­зыншы жылдары орын алған зорлық-зомбылықтың» құрбаны болған – А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытұлының шығармашылық мұраларын жинап, жүйелеу ісіне азамат-ғалым ретінде де, үкімет комиссиясының мүшесі әрі М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры (бұрынғы) міндетін атқара жүріп, белсенді түрде үлес қосқандардың бірі академик Серік Қирабаев болатын-ды.
Ғалым-сыншының еңбек, өмір жолдарына байыппен ден қойсақ, әдеби-ғылыми шығармашылық жұмыстары студенттік кезеңде басталғанын байқаймыз. Баспасөз бен баспа орындарында («Әдебиет және искусство» журналында бөлім мең­геру­шісі, «Пионер» журналының редакторы) ізденіс іздерін, қалам қуатын бар қырынан жарқырата көрсеткені де терең танылады. Бұдан кейінгі кезеңде, нақтырақ айтсақ, 1957 және 1964 жылдары кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғап, «Ғабиден Мұстафин», «Спандияр Көбеев», «Сәкен Сейфуллин» сынды маңызды монографиялары қалың көпшілікке жетті. Орта мектептер мен жоғары оқу орындары үшін оқулықтар жазып, сын-зерттеу кітаптары («Өрлеу жолында», «Ок­тябрь және қазақ әдебиеті», «Өнер өрісі», «Әдебиет және дәуір талабы», «Шын­дық және шеберлік», «Жүсіпбек Аймауытов», «Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері», т.т.), әдебиет тарихы (Жанақ, Шортанбай, Ақан сері т.б.), теориялық мәселелер (әдеби ағым мен бағыттар, сын мен сыншы, т.т.), білім-ғылым жүйесі, ұстаздық ұлағат хақында еліміздің әдеби-рухани әлеміне мол шығармашылық үлес қосты. Ұлттық сөз өнері қайраткерлерінің өмір-тағдырын, үлгі-өрнектерін көркем­дік-идеялық тұрғыдан, тілдік-стильдік, шеберлік аясында қарастырып, ғылыми тұжырымдар, мәнді де байыпты байламдар жасады. Қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихына елеулі еңбек ретінде ұстаз-қаламгер С.Көбеевтің шығармашылық мұрасы мен «Ғабиден Мұстафин» туралы биографиялық очеркіне, «Сәкен Сей­фуллин» атты маңызды монография­сына бүгінгі күннің талап-тілегімен қара­сақ, әдеби-ғылыми жұмыстарға ерте бейім­деліп, осы салалардағы бағыт – архивтік құжат­тарға, дерек-дәйекке ден қою, шығар­­-
машылық еңбек-мұралардың көркем­дік-идеялық сипатына, дүние­таным иірім­­деріне, тілдік-стильдік қыр­ларына, ой мен сөзге, сыр мен сезімге жан-жақты мән беру ар­қылы негізгі ерекшелік – белгілерді, талант табиғаты мен қалам қуатын, басқа да маңызды тұстарды тап басып көрсете білді.

Асыл сөздің академигі

Айтулы тұлға қазақ әдебиетінің даму, өркендеу жолында еңбектерімен ел құр­метіне бөленген – Ж.Жабаев, Б.Майлин, С.Мұқанов, С.Шәріпов, М.Дәулетбаев, Ә.Тәжібаев, М.Қаратаев, С.Ерубаев, И.Бай­зақов, С.Аманжолов, Ә.Әбішев, Қ.Бекхо­жин, Д.Әбілев, Т.Молдағалиев, Қ.Салықов, т.б. ақын-жазушылар жөнінде әдеби-ғылыми мақала, очерктер жазды. Онда ақын-жазушылардың өмірі мен қызметі, ерекшеліктері, ізденіс мұраттары мен көзқарас эволюциясы кеңінен көрініс тапты.
Тегінде, уақытпен үндесіп, ұлылармен сырласу – ғажайып құбылыс, ғаламат ұлағат. Бұған ұстаз-ғалым, сыншы С.Қира­баев­тың шығармашылық мұрасы, көзқарас эволюциясы, ізденіс іздері жан-жақты дәлел бола алады. Асыл сөз – ардағы, көркем ой – байтағы болғанына да көз жетеді. Біз де өз кезегімізде, Алаштың арыс­тарын ардақтаған ізденіс, зерттеулердің жарасымды жалғасқанын, арналы ағыстай кең өріс алғанын қалар едік. Қазыналы биіктің кең арнасы, өрнекті өрісі осыған келіп саяды.

Рақымжан Тұрысбек,
филология ғылымдарының докторы, профессор

The post Ғаламат ұлағат appeared first on .

]]>
http://www.astana-akshamy.kz/ghalamat-ulaghat/feed/ 0