«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Еуразия» кинофестивалі шақырады

0 27

Алдағы 30 маусымда елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында дәстүрлі XV халық­аралық «Еуразия» кинофестивалі шымылдығын түреді. Бұл айтулы шара қала күні мерекесіне орай ұйымдас­тырылып отыр.

 

 Жыл санап аталған фес­­тивальдің беделі артып келеді. Бұл байқау­дың мақсаты Шығыс пен Батыс арасында кинематографиялық көпір орнатуды көздейді. Алты күн бойы бас қаланың тұрғындары мен қонақ­тарын жіпсіз байлайтын ауқымы зор шараға Қытай, Франция, Ресей, Македония, Италия, Филиппин, Израиль, Украина, Австралия елдерінің талантты кинорежиссерлерінің туындылары көрсетіледі. Ал қысқаметражды фильмдер конкурсына Тәжікстан, Оңтүстік Корея, Беларусь, Иран, Өзбекстан және Жапонияның картиналары қатысады. Сондай-ақ фестиваль аясында қазақ жеріне америкалық продюсерлер ат басын тірейді. Бұл туралы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Андрей Хазбулатов айтты.
– Елімізге келетін қонақтарға арнайы тур ұйым­дастырылады. Олар­ға «Қазақфильм» ки­ностудиясының жұмысын көрсетеміз. Кино түсіретін орындармен танысады. Нұр-­Сұлтан және Алматы қаласын аралайды. Батыс өңіріне де сапарлап қайтады, – деді ол.
Сонымен бірге америкалық «Жаһандық саясат бастамалары» компаниясының президенті Джей Фитлук Қазақстан мен АҚШ-тың кино саласы мамандарының қолға алған бірлескен жобасына қатысты өз пікірін білдірді. Ал кинофестиваль төрағасы, белгілі режиссер Ермек Тұрсынов байқаудың ресми бағдарламасы 6 бөлімнен тұратындығын жеткізді. Ал мәдени шара 6 шілдеде аяқталады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды