«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Этноауылдың екінші маусымы

0 57

Кеше Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында «Этноауыл» ұлттық мәдени кешеннің екінші маусымы ашылды. Алғашқы күні «Алпамыс» театрландырылған цирк шоуының көрсетілімі басталды. 

Этноауыл 30 киіз үйден, шағын архитектуралық пішіндерден тұрады. 2500 шаршы метр аумақ «Қолөнершілер ауылы», «Спорттық-цирктік шаралар», «Концерт залы», «Демалыс аллеясы», «Қазақтың ұлттық және шығыс халықтарының тағамдары мейрамханалары», «Ұлттық салт-дәстүрлер», «Жібек жолы» атты шығыс базары, «Саятшылық түрлері аумағы» аталатын бірнеше секторға бөлінді.
Жаз бойы өтетін «Алпамыс» шоуына арнайы концерт залы бой көтерді. Қазіргі технологияларға сай жаб­дықталған залға бір мезгілде 1000 көрермен           сыя­ды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды