«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ескі аурухана жаңарады

0 14

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте орталық теміржол ауруханасының ғимараты ескіріп, апатты жағдайда екендігін атап өтті. 60 жыл ішінде ауруханада бірде-бір күрделі жөндеу жұмыстары жасалмағанын айтқан еді.

Осы мәселенің оң шешімін табу мақсатында қала әкімі Алтай Көлгінов YDА Директорлар кеңесінің төрағасы Арслан Хусейнмен кездесіп, орталық темір жол ауруханасының құрылысын талқылады.
Жаңа медициналық орталық аудан тұрғындарына қолайлы болу үшін Сарыарқа ауданында орналасады. 600-700 орынға есептелген ғимарат мемлекеттік-жеке серіктестік аясында салынатын болады. Жобаға Түркиядан инвесторлар тартылды. Таңдалған түрік компаниясының аурухана салуда үлкен тәжірибесі бар. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталып, әлемдік стандарттарға сәйкес заманауи жабдықтармен қамтылатын болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды