«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Есіл жағасында жүгірді

0 15

Бірлік күні Есіл бойында елордалық балалар мен жасөспірімдерге арналған мерекелік жүгіру ұйымдастырылды.

Мәдениет және спорт басқар­масына қарасты спорттық-бұ­қа­ралық іс-шараларды өткізу жөніндегі дирекцияның мәлі­метінше, жүгіру жарысына 300-дей жеткіншек қатысты. Олар Кенесары хан ескерткішінің жанында сайысты бастап, жағалау бойымен 600 метрге жүгіріп, кері бұрылды. Мәреге бірінші болып жеткендер дипломдармен марапатталды. Жас желаяқтардың бірі Мерей Мұхмет астанадағы №32 мектептің 9-сыныбында оқиды екен.
– Салауатты өмір салтының құр­дастарым арасында сәнге айналғанына қатты қуанамын. Бұл – менің екінші жүгіруім. Бұған дейін былтыр BI-Марафонға қа­тысқанмын. Биыл тағы қатысу жоспарымда бар, – дейді ол.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды