Среда, 28 Июнь 2017
-->

ЕРТЕҢІ ЖАРҚЫН ЕЛОРДА

4f68aa20-3fc1-483b-aed7-96d7d3cfa762-asli

Кеше Орталық коммуникация қызметінде Астана қаласы және астаналық агломерацияның  тұрақты дамуы жөніндегі кеңестің қызметіне арналған баспасөз конференциясы өтті. Спикерлердің айтуынша, «Тұрақты даму» ұғымы өзіне бес бірдей блокты жүктеп отыр. Айтулы кеңестің төрағасы – Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев.

Баспасөз конференциясына Кеңес хатшылығының басшысы Ақмарал Байтемірова мен кеңес  хатшысы Алмасбек Жанәбілов, «Elorda Aqparat» ЖШС директоры Қайсар Жұмабайұлы және «Қалалық шешімдер бюросы» басшысы Дәурен Қайсаров қатысты.

img_1346-asli

Ақмарал Байтемірова, Астана қаласы және астаналық агломе­ра­ция­ның тұрақты дамуы жөніндегі кеңес хатшылығының жетекшісі.

КЕҢЕСІП ПІШКЕН ТОН КЕЛТЕ БОЛМАС

Ақмарал Байтемірованың айтуынша, өткен жылы құ­рылған кеңестің еліміз үшін маңызы зор. Өйткені аталған кеңестің ұтымды ұсыныстары арқасында елорда жан-жақты дамып, жаңа белеске көтері­летін болады.
– Кеңестің құрамына әкімдік пен қалалық құрылымдар өкіл­дері, отандық және Аста­на­ның бауырлас қала­ларынан халықаралық 63 сарапшысы енді. Оның 53-і өзіміздің отандастарымыз болса, ал қал­ған 10 маман әлемнің ең ірі мегаполистерінің білікті сарапшысы болып саналады. Осы ретте аталған кеңестің 5 блоктан тұратынын айтып өткен жөн. Нақтырақ айт­қанда, экономикалық, эко­логиялық, әлеуеттік, бәсекеге қабілеттілік және стра­те­гиялық тұрақтылық. Бұдан бөлек, тұрақты инфра­құрылым мен энергетика және инновация саласына айрықша назар аударылып отыр. Осы жылдың 12 қаңтар күні қаладағы қоғамдық көлік сала­сындағы проблемаларға қатысты қоғамдық тыңдау өтті. Сондай-ақ, 18 қаңтар күні пәтер иелері кооперативінің мәселесі қоғамдық тыңдауда тал­қыланды. Міне, осы тың­дау­ларда қордаланған мәселені шешудің тиімді жолдары кө­терілді, – деді Ақмарал Әбіл­қайырқызы.
Сондай-ақ, ол 8 ақпан күні кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда 2017 жылдың ал­ғашқы алты айында атқары­латын бірқатар жоспарлар мен іс-шаралар бекітілгенін мәлімдеді. Аталған жоспар бойынша қоғамдық тыңдаулар мен дөңгелек үстелдер, пікір-талас алаңшалары және қаланы дамыту жөнінде семинарлар ұйымдастыру жоспарланып отыр.

kajsar-zhumabajuly-asli

Қайсар Жұмабайұлы, «Elorda Aqparat» ЖШС директоры

ҰСЫНЫСТАР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Қайсар Жұмабайұлының айтуынша, «Elorda Aqparat» ЖШС медиа холдингі «Астана ақшамы» мен «Вечерняя Астана» газеттерінің негізінде құрылған. Алайда ол холдинг басылымнан бөлек интернет
ресурстарды дамытуға ай­рықша назар аударып отыр­ғанын мәлім етті.
– Біз не үшін «Elorda Aqparat» медиа ресурсын құрып, оны күшейтуге күш салып отырмыз. Шыны керек, Астанада ше­шімін тап­паған мәселелер бар­­шылық. Сондықтан да қазір біз әлеу­меттік желілер арқылы әкім­дікке байланысты қойыл­ған сұрақтарды жинас­­тырып жа­тырмыз.Мысалы, өткен жел­тоқсан айынан бас­тап күні бүгінге дейін тек әлеу­меттік желілер арқылы 30 мың­нан астам шағым жазылған. Бұдан бөлек, әкімдіктің тарапынан құрылған «109» телефонына өткен жылы 361 мыңға жуық арыз-шағымдар келіп түскен. Осы арыз-шағымдарды жүйелеп, әкімдікке жеткізуді «Elorda Aqparat» өзіне мін­дет етіп алып отыр. Бұл жұ­мыс­тар енді ғана бас­талды. Жылдың аяғына дейін жос­парлаған жұ­мыстары­мызды жүзеге асыруды мақсат етіп отырмыз. Ол үшін халықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, әрекет етуіміз керек, – деді Қайсар Жұмабайұлы.
Сондай-ақ, ол Дәурен Қай­саров басқаратын «Қалалық шешімдер бюросының» жұ­мы­сына тоқталып өтті. Оның айтуынша, аталған орталық – Астана әкімдігі мен халықтың арасындағы қарым-қатынасты нығайтатын бірден-бір құ­рылым.
Өйткені, аталған орталық жаңа идеялар мен жобаларды жүйелеп әкімдік пен басқар­ма­ларға ұсынып отыратын болады. Жыл басынан бері әкімдіктің ұйымдастыруымен екі ірі жиналыс өтті. Оның бірі – қаламыздағы қоғамдық көліктердің мәселесі болса, екіншісі, пәтер иелері коопе­ративіндегі қордаланған проб­лемасы болып саналады. Бұдан бөлек, Астананың даму стратегиясына байланысты 20 нақты жобамыз бар. Осы 20 жоба бо­йынша не істелуі керек, халықтан бұған байланысты қандай ша­ғымдар мен ұсыныстар түсіп жатыр? Осы сияқты көптеген сұрақтардың негізінде әкімдікке жолданған ұсыныстар шешімін табады деп отырмыз, – деді Қайсар Жұмабайұлы.

img_1347-asli

Дәурен Қайсаров, «Қалалық шешімдер бюросы» басшысы

ЕЛ ТІЛЕГІН ЕСКЕРЕДІ

Ал Дәурен Қайсаровтың айтуынша, Астана қаласының дамуы жөнінде бағдарлама өткен жылдан бастап жа­рия­ланған болатын. Қазіргі таңда әкімнің тапсырмасы бойынша БАҚ, сарапшылардан бастап әрбір азаматтың пікірі жинастырылып жатыр. Алдағы бір айдың ішінде қоғамдық ұсыныс-тілектерді негізге ала отырып, белгілі бір қорытынды жасалатын болады.
– Осы ретте кеңестің жұмыс форматына аз-кем тоқталып өтсем. Аталған кеңес ел-жұрт­тың пікірін білу үшін құрылған болатын. Оның бас­ты мақсаты білікті сарапшылар мен қа­ра­пайым халықтың пікірін ескере отырып, қоғаммен байланыс орнату болып саналады.
Жуырда кеңестің алғашқы отырысы өтіп, оған бұқаралық ақпарат құралдары келіп қа­тысты. Аталған отырыста 15 жоба таныстырылды, оның 9-ы – әлеуметтік, ал қалған 6 жоба коммерциялық жоба болып саналады. Мысалы, таяуда Астанада жылы аялдамалар кешенін салу жоспарланып отыр. Аталған аялдамаларға бюджеттің бірде-бір тиыны жұмсалмайтын болады, – деді Дәурен Қайсаров.
Бұдан кейін Кеңес хатшысы Алмасбек Жанәбілов сөз алып, халық тарапынан келіп түсіп жатқан сұрақтардың өте көп екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол аталған сұрақтар арнайы тіркеліп, Астана қаласы әкім­дігіне жолданатынын айтты.
Қазіргі таңда министрліктен бастап, облыс әкімдеріне дейін қоғамдық кеңес құрып жатыр. Міне, осы үрдісті елорда әкімдігі жалғастырып, Астана қаласы және астаналық агло­мерацияның тұрақты дамуы жөніндегі кеңес құрып отыр екен. Бұл, әрине, құптарлық, қолдауға тұратын, қуануға болатын жақсы үрдіс. Өйткені, «кеңесіп пішкен тонның келте болмайтынын» әр азамат жақсы түсінсе керек.

Серік ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*