«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ерлікке тағзым етті

0 146

Ауғанстан соғысында қаза тапқан жауынгер-интернационалистердің Астана қаласындағы мемориалды-ескерткіш кешенінде салтанатты митинг ұйымдастырылды.

Жыл сайын 15 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Астана қаласының «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыратын шараға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар өкілдері, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты. Жиналғандар алдында Мәжіліс депутаты, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев сөйлеп, Ауғанстан соғысының қасіреті жайында айтты.
Митинг соңында қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, соғыс құрбандарына тағзым етті.
С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» мектебі мен Астана қаласының «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен тақырыптық концерт өтті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды