ЕРЕКШЕ МІНДЕТІ БАР ЕМХАНА

2007 жылдан бері елорда тұрғындарына қызмет көрсете бастаған Астана қаласы әкімдігінің №4 емханасы бүгінде мыңдаған адамның денсаулығын сақтау жолында тыңғылықты жұмыс атқарып отырған мекеме саналады.

Астана қалалық №4 емханасының бас дәрігері Серік Шаймерденов

Денсаулық сақтау саласы­ның үздігі, тәжірибелі дәрі­гер Серік Шаймерденов бас­қаратын аталмыш емханада бесіктегі баладан бастап, қартайған ардагер қауымына алғашқы медициналық-са­нитарлық көмек беру, ауру­дың алдын алуға бағытталған диагностикалық және емдеу қызметтерін жүргізу, тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында ма­мандандырылған ем-дом қыз­метін көрсету жүзеге асырылып отыр.
Аталмыш емханада науқас адамдарды емдеу қызметінің сапасын көтеруге ерекше талап қойылған. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қа­зіргі заманғы медициналық қондырғылармен, құрал-жаб­дықтармен қамтамасыз етілген мекемеде науқастарға сапалы қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Емхана ішіндегі күндізгі стационар қызметіне жүгінушілер қатарының жылдан-жылға арта түсуін сол дәрігерлерге деген сенімнің көрсеткіші деу­ге болады.
Медициналық қызмет көр­­­­сету бойынша Астана тұрғындарының жақсы іл­ти­патына бөленіп отырған емхананың бір айтарлық ерекшелігі, мұнда 2014 жылдан бері ардагерлер бөлімі жұмыс істейді. Астана қаласы әкімінің тапсырмасы бо­йынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңес­тірілген азаматтарға орталықтандырылған қызмет көрсету мақсатында құрылған бөлімде, шын мәнінде, ерек­ше емдеу қызметіне, ма­мандандырылған көмекке мұқ­таж адамдарға ем-дом беріліп келеді. Олардың қата­рында Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер, жауын­гер-интернационалис­тер, Чер­нобыль апаты зардабын жоюға қатысушылар, Семей ядролық полигоны қасіретін тартушылар, соғыс кезіндегі тыл еңбеккерлері, дербес зейнеткерлер және басқа да жеңілдік иелері бар. Ал мұндай категориядағы азаматтарға қызмет көрсету айрықша жауапкершілікті және біліктілікті талап ете­тіні сөзсіз. Осы тұрғыда 2500 адамға қызмет көрсетіп отыр­ған бөлімдегі мамандарға ардагер қауымның айтар ал­ғысы шексіз деуге болады. Бөлім меңгерушісі болып отырған білікті дәрігер Светлана Королькова, аға мейірбике қызметін атқаратын тәжіри­белі маман Гүлжайнат Абдешева, дәрігерлер Гүлнар Бейсенбаева, Гүлсім Маулетбаева, Данияр Әбдіхадиров, медбикелер Әйгерім Орманова, Ләззат Хамидуллина, Жансая Сәлімгереева, Бақытжамал Иманберді және басқалары екі учаскенің жұмысын жүйелі үйлестіріп, науқастарға сапалы қызмет көрсетіп келеді.


– Соғыс ардагерлері мен Үкімет тарапынан жеңілдіктер берілген басқа да азаматтарға қызмет көрсетіп отырған №4 қалалық емхана ұжымына айтар алғысымыз шексіз. Мұн­да қашан келсек те, дәрі­герлеріміз жылы жүзбен қар­­сы алады. Қажет болған жағдайда күндізгі стационардан да ем аламыз. Емхана басшысы Серік Шаймерденов тек қана емдеу шараларына маңыз беріп қоймай, осында емделетін ардагер ұрпаққа құрмет білдіру, сондай-ақ, басқа да мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған шараларды ұйымдастырады. Бұл да емделушілер үшін үлкен әлеуметтік қолдау десе болады, – дейді ауған соғы­сына қатысушы жауынгер-интернационалист Сембек Қабиев.
Иә, емдеу қызметінде осын­дай ерекше міндеті бар емха­наға келушілердің көңіл күйі көп нәрсені аңғартады. Бұл ретте №4 емхананың қала тұр­ғындары тарапынан жақсы сөзге, игі құрметке бөленіп жүргенін тағы да қайталап айтқымыз келеді. Емхана ұжы­мының сапалы қызмет көрсетуге бағытталған жұмы­сы жемісті бола бергей!

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Сонымен қатар

ЖАНҒА ШИПАЛЫ «ШАРАПАТ»

Астана қаласы әкімдігінің шешімімен 2016 жылдың 9 қарашасында «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» болып өзгертілген …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған