«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Еңбек даулары татуластыру арқылы реттелуде

0 12

Елордалық соттар 2019 жылғы 1 тоқсанның жұмысын қорытындылады.

Соңғы уақытта еңбек даулары арнайы қанатқақты  жобасы аясында еңбек дауы істері Байқоңыр ауданы сотында, Есіл аудандық және Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарында қаралып жатыр.

331 арыз бойынша дау татуластыру арқылы реттелді.

Еңбек дауы бойынша 296 іс қаралды, оның ішінде 52 талап арыз қызметкер мен еңбек қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың арасындағы  даулы мәселенің шешілуіне байланысты қараусыз қалдырылды. Бұл өз кезегінде дауды қысқа мерзімде шешудің тиімді құралы  болып табылады.

Медиаторлар мен заңгерлердің ықпал етуімен 29 жұмыскердің жаукапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалақы берешегі  шешіліп, 9 800 000 теңге сомасындағы  берешек өтелді.

«Нұр-Сұлтан қаласының қалалық ортаны бақылау және сапаны қадағалау басқармасы»-ның  951 жұмыскерінің 44,4 миллион алажағы сотқа дейінгі татуластыру  нәтижесінде  өтелді.

Сотта және сотқа дейінгі татуластыру рәсімдерін қолданудың кеңінен етек алуы азаматтар мен заңды тұлғалардың уақыты мен қаражатын үнемдей отыра, даулы мәселенінің екі тарапқа да тиімді жолмен шешуіне ықпал етеді.

Ал қанатқақты жоба аясында жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары халықтың бұзылған құқықтарын қысқа мерзімде қалпына келтіруіне септігін тигізеді.

Ботагөз БАЯНОВА,
Нұр-Сұлтан қаласы  сотының
баспасөз қызметінің жетекшісі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды