«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ем қабылдау қауіпсіз бе?

0 27

Қалалық «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен медициналық көмектің сапасы және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнінде жиналыс өтті.

Жиналыстың күн тәртібінде елордамыздағы емдеу мекемелерінің қызмет көрсету сапасы, жекеменшік емханалардың, тіс емдеу және сұлулық салондарының жұмысы жайлы сөз қозғалды. Бірлестік төрағасы Қабыкен Закариянов бас қаламызда денсаулық сақтау саласына баса мән беріліп, инфрақұрылымдары жаңарып, озық емдеу аспаптарымен жабдықталғанымен, дәрігерлердің арасында емделуге келген науқастарға сапалы қызмет көрсете алмайтынын жеткізіп, нақтылы мысалдар келтірді. «Әсіресе, жекеменшік емханалар мен сұлулық салондарына барып емделіп, денсаулығы немесе терісі зақымдалып қалып, бізге арызданатындар көбейді. Себебі бұл орындарда істейтін мамандардың көбінде кәсіптік білімі, шеберлігі жоқ. Осыдан барып тұрғындар зардап шегіп жатыр. Біз осы мәселелерді жіті қадағалап, қала әкімдігіне арнаулы тексеру қағаздарын жазып, орын алған мәселелердің тезірек шешілуіне, тұтынушылардың құқын сақтауға мейлінше қызмет көрсетеміз» деді қоғамдық ұйым жетекшісі. Жиналыста денсаулық сақтау ұйымдарынан келген мамандар да сөз сөйлеп, медициналық көмектің сапасын көтеру жөнінде өз ойларын ортаға салды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды